Футболдан Еуропа чемпионатының беташар матчында Франция құрамасы Румыния командасын 2:1 етіп ұтып, өз алаңында жалау көтерген турнирдегі бірінші жеңісті өз есебіне жазды.
Франция – Румыния 2:1 (0:0)
Франция: Уго Льорис, Бакари Санья, Лоран Косельни, Адиль Рами, Патрис Эвра, Н’Голо Канте, Блез Матюиди, Поль Погба (Антони Марсьяль 77), Антуан Гризманн (Кингсли Коман 66), Димитри Пайе (Мусса Сиссоко 90+2), Оливье Жиру
Румыния: Чиприан Тэтэрушану, Кристиан Сэпунару, Драгош Григоре, Юлиан Кирикеш, Рэзван Рац, Овидиу Хобан, Михай Пинтилий, Николае Станчу (Александру Кипчу 72), Адриан Попа (Габриэль Торже 82), Богдан Станку, Флорин Андоне (Денис Алибек 61)
Голдар: Оливье Жиру 57, Димитри Пайе 89 – Богдан Станку 65 (пенальти)
«А» тобындағы бұл жасақтардың кездесуі Париждің түбіндегі Сен-Дени қалашығының «Стад де Франс» стадионында ойналды. Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. Оны француз Оливье Жиру соқты. Алайда, арада небәрі 7 минут өткеннен кейін румындарға таразы басын теңестірудің мүмкіндігі туа кетті. Сөйтіп, 65-минутта венгр төрешісі белгілеген күмәнділеу пенальтиі Богдан Станку дәл түсірді. Ал жеңіс добын Дмитри Пайе алыстан ұрып түсірді.
Чемпионаттағы бірінші ескертуді румын қорғаушысы Влад Кирикеш 32-минутта алды. Мұндай «сары қағаздар» сондай-ақ румындардан Рэзван Рац (45) пен Адриан Попаға (78), француздардан Оливье Жируге (69) көрсетілді.
Осы матчтан кейін Франция құрамасы «А» тобында 3 ұпаймен көш бастады. Топтағы келесі ойын 11 маусым күні Швейцария және Албания құрамалары арасында өтеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: egemen.kz.
Фото: vk.com.
• 11 Маусым, 2016
Футбол. «Еуро-2016». Франция жеңіске жетті (видео)

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше