АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогы турнирінде D группасының командалары кездесті. Аргентина құрамасы Панама командасына бес гол соғып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Чили мен Боливия арасындағы ойын 2:1 есебімен аяқталды.
Аргентина – Панама 5:0
Голдар: Николас Отаменди 7, Лионель Месси 68, 78, 87, Кун Агуэро 90
Аргентина құрамасы бұл ойында кезекті үш ұпайын иеленіп, D тобында бірінші болып келеді. Кездесу барысында «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Николас Отаменди 7-минутта гол соғып, есеп басын ашты. Ал екінші таймда алаңға шыққан команда капитаны, бес дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси небәрі 20 минуттың ішінде бірінен кейін бірін соғып, үш доптың иесі атанды. Матч аяқталар тұста шабуыл шебінде өнер көрсететін Кун Агуэро бір голымен көзге түсе білді. Панама өз кезегінде бірнеше рет шабуылдағанымен «альбиселесте» ойыншыларына дарытып ешнәрсе істей алмады.
Чили – Боливия 2:1
Голдар: Артуро Видаль 46, 90+10 (пенальти) – Матиас Кампос 61
Бұл матчта «Бавария» футбол клубының ойыншысы Артуро Видальдың соққан екі голының арқасында Чили жеңіске жетті. Ол 46 минутта қақпаны дәл көздесе, кездесу аяқталар тұста пенальтидің арқасында жеңісті жұлып алды. Ал Боливия командасы 61 минутта Матиас Кампос соққан доппен таразы басын теңестіре білді. Алайда, бұл гол тең есепті ұстап тұру үшін жеткіліксіз болды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: vk.com.
• 11 Маусым, 2016
Футбол. «Америка кубогы». Аргентина мен Чили жеңіске жетті

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше