АҚШ-та футболдан Америка Кубогы турнирі тартысты өтіп жатыр. Бұл додада деңгейлес командалар көп. Сондықтан қай елдің құрамасының жеңетінін дөп басып айту қиын. Турнир сонысымен де қызықты. Әзірге төрт команда ғана ширек финалға шықты. Олар – Колумбия, Венесуэла, Мексика және Аргентина. Бұл елдер екі ойында 6 ұпай жинап, өз топтарында көш бастады. Ал басқа құрамалар арасында тартыс енді басталады.
А тобында АҚШ, Парагвай мен Коста-Рика екінші орынға таласады. Командалардың ширек финалға шығуға мүмкіндігі бар. Бұл топта АҚШ пен Парагвай арасындағы ойынды топтың «жартылай финалы» десе болады. Қазір Құрама Штаттардың командасында екі матчтан кейін 3 ұпай болса, Парагвайда бір ғана ұпай. Сондықтан алаң иелеріне келесі айналымға шығу үшін тең ойнаса да жеткілікті. Ал Парагвайға міндетті түрде жеңу керек. Осы топта төртінші орында тұрған Коста-Рикада да бір ғана ұпай бар. Олар ¼ финалға АҚШ – Парагвай ойыны 0:0 немесе 1:1 есебімен тең есеппен аяқталып, ал өздері Колумбияны кем дегенде 6:0 есебімен ұтса шыға алады. Бұл жағдай әрине, мүмкін емес. Сол себепті Коста-Рикаға қазірден бастап турнирмен қош айтысуға болады.
В тобында Бразилия, Эквадор мен Перудің жағдайы жаман емес. Қазір Бразилия мен Перуде төрт ұпайдан бар. Олар келесі матчта бір-бірімен кездеседі. «Пентакампеондар» доп айырымашылығымен Перуден озып тұр. Ал топта үшінші орында тұрған Эквадорда екі ұпай бар. Бір қызығы, осы елдің құрамасы келесі айналымға шығуы мүмкін. Егер Бразилия Перуді жеңсе, ал Эквадор Гаитиді ұтса онда эквадорлықтар бес ұпай алып, ширек финалға шығады. Ал Гаитидің турнирде ешқандай мүмкіндігі болмады. Бұл елдің құрамасы о бастан турнирдің аутсайдері саналған.
С тобында Мексика мен Венесуэла турнирді жалғастырады. Екеуінде 6 ұпайдан бар. Кеше Венесуэла Уругвайды 1:0 есебімен ұтса, Мексика Ямайканы 2:0 есебімен жеңді. Осыдан кейін Уругвай мен Ямайка турнирмен қоштасты. Уругвайда ұпай да жоқ. Оларға үш ұпай алып, есікті тарс етіп жабып кету үшін Ямайканы ұту керек. Басқа амалдары қалмады.
D тобында Аргентина 6 ұпаймен алда келеді. Лионель Месси де кешегі Панамамен ойында хет-трик жасап, турнирдің бомбардирлер көшін бастады. «Альбиселесте» құрамы Мексика мен Венесуэла сияқты ширек финалға шықты. Оған ешкімнің күмәні болған жоқ. Осы топта Чили мен Панаманың ¼ финалға шығуға мүмкіндіктері бар. Екеуі келесі ойындарын да бір-бірімен өткізеді. Сол кезде ширек финалдың тағдыры шешіледі. Ал Аргентина мен Боливия арасында өтетін матчта қай елдің құрамасы жеңетіні белгілі.
Енді ертең үшінші тур басталады. Осы турда ширек финалда ойнайтын командалар анықталады. Сол кезде Америка Кубогы турнирін жеңіп алуға мүмкіндігі бар құрамаларды айтуға болады.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz
Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.
А тобы
№ |
Команда |
ойын |
жеңіс |
тең |
жеңіліс |
соққан добы |
жіберген добы |
доп айырмашылығы |
ұпай |
|
|
1 |
Колумбия |
2 |
2 |
0 |
0 |
4 |
1 |
3 |
6 |
|
|
2 |
АҚШ |
2 |
1 |
0 |
1 |
4 |
2 |
2 |
3 |
|
|
3 |
Парагвай |
2 |
0 |
1 |
1 |
1 |
2 |
-1 |
1 |
|
|
4 |
Коста-Рика |
2 |
0 |
1 |
1 |
0 |
4 |
-4 |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
В тобы
№ |
Команда |
ойын |
жеңіс |
тең |
жеңіліс |
соққан добы |
жіберген добы |
доп айырмашылығы |
ұпай |
|
|
1 |
Бразилия |
2 |
1 |
1 |
0 |
7 |
1 |
6 |
4 |
|
|
2 |
Перу |
2 |
1 |
1 |
0 |
3 |
2 |
1 |
4 |
|
|
3 |
Эквадор |
2 |
0 |
2 |
0 |
2 |
2 |
0 |
2 |
|
|
4 |
Гаити |
2 |
0 |
0 |
2 |
1 |
8 |
-7 |
0 |
|
С тобы
№ |
Команда |
ойын |
жеңіс |
тең |
жеңіліс |
соққан добы |
жіберген добы |
доп айырмашылығы |
ұпай |
|
1 |
Мексика |
2 |
2 |
0 |
0 |
5 |
1 |
4 |
6 |
|
|
2 |
Венесуэла |
2 |
2 |
0 |
0 |
2 |
0 |
2 |
6 |
|
|
3 |
Уругвай |
2 |
0 |
0 |
2 |
1 |
4 |
-3 |
0 |
|
|
4 |
Ямайка |
2 |
0 |
0 |
2 |
0 |
3 |
-3 |
0 |
|
D тобы
№ |
Команда |
ойын |
жеңіс |
тең |
жеңіліс |
соққан добы |
жіберген добы |
доп айырмашылығы |
ұпай |
|
|
1 |
Аргентина |
2 |
2 |
0 |
0 |
7 |
1 |
6 |
6 |
|
|
2 |
Чили |
2 |
1 |
0 |
1 |
3 |
3 |
0 |
3 |
|
|
3 |
Панама |
2 |
1 |
0 |
1 |
2 |
6 |
-4 |
3 |
|
|
4 |
Боливия |
2 |
0 |
0 |
2 |
2 |
4 |
-2 |
0 |
|