12 Маусым, 2016

Патшайым 90 жылдығы: гвардияшы сап алдында естен тана құлады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-06-16-_devyanostoletie-korolevy

Кеше, Лондонда патшайым Елизаветы ll-нің 90 жылдығы құрметіне арналған салтанатты рәсім кезінде сап алдында бір гвардияшы есінен танып құлап қалды. Бұл оқиға оның королеваға гүл шоғын алып келе жатқан кезінде орын алды. Инциденттен кейін гвардияшыға оның жолдастары жетіп барды. Олар жауынгерді зембілге салып, бірінші медициналық көмек көрсетілуі үшін санбатқа апарды. Бақытына орай, сарбаз онша қатты зардап шеге қоймаған екен, аздан кейін өз-өзіне келіп, орнынан тұрып кетті. Шамасы, қаншама уақыт бойы тынымсыз жасалған дайындық оны діңкелетіп жіберсе керек. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: NewsZone.