Ақтөбеде іздеу салынған лаңкестердің үшеуі де қолға түсті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, алдымен 33 жастағы Бақыт Қуанышбаев пен 27 жастағы Әлібек Ақпанбетов қолға түскен. Мұнан кейін 26 жастағы Арсен Таңатаров та күштік құрылымның қырағылығының арқасында ұсталған. Сонымен қатар, олардан 5 маусым күні «Паллада» дүкенінен тоналған 2 қару тәркіленді. Бұл туралы республикалық антитеррорлық орталық өкілдері хабарлады.
Айта кетейік, жарақат алған қылмыскердің біреуі қазір ауруханада жатыр. Құрықтау операциясы түнде жүргізілген. Қашып жүрген лаңкестер облыс орталығындағы Жаманқұлов көшесінде орналасқан жатақханада қолға түскен. Тұрғындар алдын ала қауіпсіз жерге шығарылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайтының хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: 24.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше