13 Маусым, 2016

Жапония сұрапыл дауылды ұшақтан бақылайтын болады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-06-2016 taifun Жапонияда метеорологтар соңғы 30 жылдың ішінде алғаш рет тайфун дауылын ұшақтан бақылайтын болады. Бұл іс олардың жойқын циклондардың жүру аймағын нақты анықтауына мүмкіндік береді. NHK телеарнасының хабарлауынша, қазіргі таңда ғалымдар тайфунды спутниктің көмегімен бақылап отыр. Осының арқасында мамандар желдің жылдамдығын, оның ішіндегі атмосфералық қысымын, циклонның жүру аймағын және күшін анықтай алады. Алайда, технологияның дамығанына қарамастан, жойқын тайфун жайлы нақты ақпарат беру айтарлықтай қиындық тудырады. Осы мәселені шешу үшін бірқатар мамандар 2017 жылдан бастап арнайы ұшақтың бортынан мониторинг жүргізетін болады. Жапонияда мұндай іс соңғы рет 1980 жылы АҚШ әскерилерінің көмегімен жүргізіліпті. Алдын ала мәліметтер бойынша тайфун дауылын бақылау кезінде мамандар мінген ұшақ мүмкін болған қашықтыққа дейін жақындайды. Осыдан кейін циклон жүріп жатқан жерге арнайы радиозонд құрылғысы тасталады. Ол сұрапыл желдің жүретін аймағын, күшін, қысымын толығымен анықтап береді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».