13 Маусым, 2016

Бразилияны жарыстан шығарған гол қолмен соғылған (видео)

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-06-16-brazil-1

АҚШ-та өтіп жатқан Америка Кубогы жарысында Перу құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалып, 1983 жылдан бері бірінші рет плей-оффтан аса алмаған Бразилия құрамасының тағдырын шешкен жалғыз голдың қолмен соғылғаны белгілі болды. Матчтағы жалғыз голды Перу құрамасының шабуылшысы Рауль Руидиас 75-минутта салған. Форвард оны құдды 1986 жылғы әлем чемпионатындағы Марадона сияқты қолымен қақпа ішіне бұрып жіберген. Тәртіп бұзушылықтың айдан анық көзге ұрып тұрғанына қарамастан, уругвайлық төреші Андреас Кунья осы голдан кейін алаң ортасын көрсеткен. Демек, голдың соғылғанын тәнге алған. Бұдан кейін бразилиялықтардың есепті теңестіруге жұмсалған күш-жігерінен ештеңе шыққан жоқ. Осы жеңілістен кейін Бразилия өз тобында Перу мен Эквадордан кейінгі 3-орынға жайғасты. Сөйтіп, келесі кезеңге шыға алмады. Ал алдағы тамыз айында Дунганың шәкірттері өз елінде өтетін Олимпиялық ойындарда алтын медаль үшін күрескелі отыр. Пентакампеондар құрамын Ойындарда Неймар күшейтетін болады. АҚШ-та өтіп жатқан Америка Кубогы 26 маусымда мәреге жетеді. Дамир Қожамқұл. Дерек, фото: Life.ru https://youtu.be/iWWOmyL08_E
Соңғы жаңалықтар