Іле Алатауын баурайлап жатқан «Табаған» спорттық кешенінде ерлер арасындағы фристайлдың шаңғы акробатикасы бойынша жарыстар аяқталды. Фристайл могулындағы ерлер мен қыздар арасындағы екі алтынды да жексенбіде Қазақстан жеңіп алса, акробатиканың қос алтынын қытайлықтар қанжығасына байлады.
Фристайл акробатикасы да спорттың қауіпті түрі саналады. Бұл додаға жүрек жұтқандар ғана бара алмақ. Шаңғымен ауада шыр көбелек айналып барып, жерге сәтті қонақтамасаң желкең үзілмесе де, ең болмаса аяғың сынады. Сондықтан болар, біздің могулдан алтыннан алқа таққан отандастарымыз жеңістің басы алдымен өз қорқынышыңда жеңу екендігін айтқан.
Осылайша әуе акробатикасында екі рет ауада шаңғымен тамаша трюктер жасаған қытайлық Джиа Зонгянг 220,70 балл алып, бас жүлдені иемденді. Оның жерлесі Лиу Жонгкинг 210,16 баллмен күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық Руслан Аблятифов 180,30 балл жинап, қола жүлде тақты. Тағы бір жерлесіміз Сергей Берестовский төртінші орынға табан тіреді (150,03 балл).
Осы кезде Солдатсай шатқалында фристайлдан қыздар арасында әуе акробатикасы жарысының жүлдегерлері де анықталды.
Алтын медальді Қытай спортшысы Джанг Ксин (151,45 балл) жеңіп алды. Ол – қазақстандық мамандар «үздік атанады» деп болжаған жерлесіміз Жібек Арапбаевадан озды (109,93 балл). Нәтижесінде Жібек екінші орында. Тұғырдың үшінші сатысында Янг Ю (109,56 балл) тұр.
Қазақстандық Ақмаржан Қалмырзаева берілген екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша соңғы – төртінші орынды қанағат етті.
Жарыс басталар алдындағы ауыз аштырып, таңдай қақтырған спортшы қыздардың алғашқы жаттығуынан кейін, дәл айтқанда, 10:20 минөтте акробатшы жігіттер шеберлік деңгейлеріне қарай топ-топқа бөлінді. Ол жарыстың бағдарламасы бойынша акробаттар сальто және секіру жаттығуларын орындады. Олар іріктеу сынында да, сондай-ақ ақтық бәсекеде де бір-бір реттен жарыс жолына шығып, осы екі жаттығудың нәтижелері жалпы есепке енді. Акробаттар жарыс барысында әр түрлі жаттығу элементтерін орындап, жарысты қазақстандық спортшылар Михаил Лихоманов пен Илья Бугров бастады.
Жарыста үш елдің – Қытай, Жапония, Қазақстан акробаттары өзара медальдар жиынтығын бөліске салды. Спортшылардың халықаралық жарыстарда қандай орын алып жүргендеріне және FIS айқындаған дәрежелік деңгейін есепке алғанда, бірінші орыннан Қытай акробаттары бірден-бір үміткер еді. Бірақ, 30 жастағы жапондық акробатшы Табару Наоюды да қарсыластары естен шығаруға болмайтындығын айтқан.
Шаңғы акробатикасы жарысында спортшылар арнайы жасалған трамплиннен күрделілігі екі түрлі талаптар бойынша сәйкес секірді. Азиадада фристайлшыларда небәрі екі рет секіру мүмкіндігі болды – квалификацияда және финалда. Қорытынды есепте олардың осы екі секірісте жинаған ұпайлары саналды.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.

Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа донор ретінде таныла бастады
Қоғам • Бүгін, 19:17
Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?
Спорт • Бүгін, 18:48
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 18:10
2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?
Қоғам • Бүгін, 17:53
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:23
240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды
Білім • Бүгін, 17:11
Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 17:03
Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Оқиға • Бүгін, 16:55
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 16:43
Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 16:16
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Мәдениет • Бүгін, 16:00
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футбол • Бүгін, 15:55