Есләм Зікібаев киелі де қасиетті поэзия әлеміне кештеу келсе де, өзегін жарып шыққан өміршең өлеңдерімен әдеби қауым ортасын бірден елең еткізді.
Түбіт балақ балапанның қыран боларын ұясынан жазбай танитын абыз ақсақалдарымыздың бірі Әбділда Тәжібаев «Ақ қайнар» жинағы жайлы: «Мен Есләмнің шабыт, көңіл, арман, үміт туралы жазылған жырларын нағыз ақындық өнері деп тамсандым» десе, замандасы Тұманбай Молдағалиев: «Есләм жырлары – елдікті, еркіндікті, парасатты марапаттайтын терең мазмұнды, текті жырлар», деген баға береді. Әлжаппар Әбішев, Кәкімбек Салықов, Герольд Бельгер, Қадыр Мырзалиев, тағы басқалары оның шалқар шабытпен шынайы жазылған туындылары жайлы жылы лебіздер білдіреді. Түкпірдегі оймақтай ғана Өрнек ауылынан аялы Алматыға арман қуып келген Есләм әкесінен ағаштан түйін түйген шеберлік, зергерлік, жыршылық қасиеттерін емес, ақындық қарым-қабілетін бойына сіңіруді мақсат етіп, ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түседі. Соңғы курста оқып жүргенде «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетіне жұмысқа орналасады. Кейін «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде жұмыс істеп, журналистика саласында жарқырай көрінеді. Орда бұзар жасында «Ақ қайыңдар» деген атпен алғашқы жыр жинағы жарияланады. Оның елге, жерге деген сағынышы мен сезімі «Ақ айдын», «Ақ сағым», «Құс ғұмыр», «Дүние жалған», «Арна» жинақтарында сыршылдықпен өріліп, әдемі үйлесім табады. Поэзия көгіндегі қысқа ғұмырында 20-ға жуық жыр жинағын артына өлмес мұра, қымбат қазына ретінде қалдырады.Танымал шайырдың, белгілі публицистің 80 жылдық мерейтойына орай «Ерке Есілдің ақ толқын Есләмі» деген тақырыппен өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өзгелерге ой саларлық тағылымды кешке айналды. Облыстық әкімдік қолдау көрсеткен мәдени шараға марқұмның жан жары Рауза тәтей мен ұл-қыздары құр қол келмепті.Әр жылдардағы әдеби мұраларын жинастырып, «Армандай ғұмыр», «Ақ қайыңдар», «Аққу арман» атты сүбелі жыр жинақтарын құрастырыпты. Мерейтой туған жері – Өрнектен басталып, Есіл ауданында қаламгердің өмір, шығармашылық жолынан сыр шертетін тақырыптық шараларға жалғасып, Петропавл қаласында түйінделді.
С.Мұқанов атындағы облыстық сазды-драма театрына Алматыдан, Астанадан, жергілікті жерден жиналған зиялы қауым алдында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ақынның есімін ерекше құрметпен атап, сүйіспеншілік сезімге, азаматтық пафосқа толы жырлары жайлы тебірене жеткізді. Алматыдағы С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков уақыт тынысын тамыршыдай тап басқан ақынның жанайқайға, шерге толы туындыларына талдау жасай келіп, кешегі айтқан сөзінің салмағы бүгін ауырлап барады деген тұжырым түйді. Ақын Болат Шарахымбай, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Қазақстан Жазушылар одағының жергілікті филиалының төрағасы Жарасбай Сүлейменов, досы Семетай Жусанбаев шығармашылық, азаматтық қырларына тоқталды.
Рауза Бәкірқызы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, Өрнектегі Есләмнің есімімен аталатын мектепке сый-сияпат жасады.
– Есағаң қайтыс болғаннан кейін күнделігін тауып алдым, – деді өткен күндерді қимастықпен еске алған Рауза тәтей. – Әр баласына деген көңіл күйін түсіріп, есімдері аталмай жүрген ақын-жазушылар туралы көп жазыпты. Ой-толғамдары мен эсселерден құралған «Жыр – тағдырым» жинағын құрастырдық. Үштомдық таңдамалы жинағы оқырмандар қолына тиді.
Ақын аудармамен де айналысты. Оның халық арасына кең тараған бірқатар әндердің сөзін жазғанын біреу білер, біреу білмес. 1966 жылдың жаймашуақ көктемінде Әшір Молдағайынов бір әннің әуенін шығарып, соған мәтін іздейді. Композитордың болашақ жары Гүлжаухар Есағаңның зайыбы Раузаға бұл жайлы айтады. Содан «Аяулым арманымдай асылым ең» әні дүниеге келеді. Ғажап ән Роза Бағланованың орындауында алғаш рет Мәскеудің Кремль сарайында шырқалады. Қазақ радиосының алтын қорына Е.Зікібаевтың өлеңіне жазылған Н.Тілендиевтің «Әнші сыры», Ә.Бейсеуовтің «Жеңеше», Б.Байкенжиевтің «Жыл құсы», Т.Исалиевтің «Кездеспей кеткен бейнем ең», М.Садықовтың «Қызыма», тағы басқа әндер енген. Оларды күміс көмей әншілер З.Қойшыбаева, С.Нұрмағамбетова, В.Қармысова, С.Ағыбаева орындайды.
«Өзім кетсем, артымда сөзім қалсын», деп жырлап өткен Есләм Зікібаевтың қазақ поэзиясына қосқан зор үлесін жерлестері әркез мақтан тұтады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05