03 Ақпан, 2011

Арнайы сапар

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) басшысы Жак Рогге ресми сапармен Алматыға келді. Оның Қазақстанға келуі Қыс­қы Азия ойындарының баста­луына қатысты болатын. Бұл өз кезегінде аса беделді әлемдік спорт ұйымы басшысының біздің ел тарихында алғашқы ресми келуі болып есептеледі. Жак Рогге Алматыға келген күні шаңғы-биатлон кешенінде болды. Ол қыздардың биатлон және жақын қашықтыққа жүгіру жарысында жеңіп шыққандарды марапаттау сал­­та­­натына қатысты. Сондай-ақ, Шымбұлақ базасын тамашалады. Мұнда ол кезде тау шаңғысынан жарыс өтіп жатқан-ды. Соны­мен қатар Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайында болып, қыздар­дың шайбалы хоккейден өткізіп жатқан жарысына назар аударды. ХОК басшысы құттықтау с­ө­зін­де былай деді: « Өткен жылдың қараша айында Гуанчжоу қала­сын­да болған Жазғы Азия ойын­дарының табысты өткенінен кейін дүбірлі жарыстың Қазақстанда да жоғары кәсіби деңгейде өтетінді­гіне сенемін. Азиада ойындарының салта­на­т­ты ашылуы табысты өтті. Қазақ­стан Ойынға соншалықты мықты дайындалғанын паш етті. Мен қа­зақстандықтардың Азия ойын­да­рын­да көтеріңкі көңіл-күй таныта­тын­дығына сенемін. Ал мұның өзі спортшылардың, көрермендердің жә­не барлық қатысушылардың есін­де мәңгі қалады. Ойынға дайындық барысында жасалған шаралардың бәрі Қа­зақстан спортшыларының алдағы жарысқа дайындығы үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне де пайдаланылады».