Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдерінің бірлескен мәжілісінде университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың қолы қойылған, университетте тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасының ашылуын ресми түрде растайтын құжатты салтанатты түрде ресімдеді.
Іс-шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО кластер бюросының Алматыдағы директоры Андрей Шевелев жаңа ЮНЕСКО кафедрасының сапалы білім беру, гендерлік теңдік, лайықты жұмыс пен экономикалық даму, тұрақты қалалар, климат өзгерісімен күрес, экожүйелердің сақталуы, бірлік пен ынтымақтастықты алға тарту сынды тұрақты даму мақсаттарына жетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан комиссиясының ЮНЕСКО және ИСЕКО жұмыстары бойынша бас хатшысы Әсел Өтегенова университеттің тұрақты даму шешіміне қосқан үлесін атап өтсе, Ирина Бокова ханым: «Тұрақты даму бойынша мақсаттарды табысты іске асыру тек көшбасшылардың мойнындағы жұмыс емес, ең алдымен азаматтық қоғамның жұмысы» екендігін атап көрсетті.
БҰҰ-ның Алматы бойынша қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Властимил Самек университетті аталмыш кафедраның ашылуымен құттықтай отырып, бұл қадамның жастардың мүмкіндіктерін арттырып, әлеуметтік инновациялар мен өзгерістерге, әлемдік мәдениеттің қалыптасуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Университет ректоры аталмыш кафедра демократиялық құндылықтар, соның ішінде, толеранттылық, плюрализм, адам құқығын құрметтеу, бостандық ұғымдары алға қойылатын пікірталас алаңы болатынын растады. ЮНЕСКО кафедрасы қызметі шеңберіндегі жобаларды іске асыру тұрақты даму айналасында мемлекет пен аудан әлеуетін арттыруға қолдау көрсету бағытындағы бастамаларға жаңа серпін болары анық.
АЛМАТЫ

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05