Оңтүстікте астық ору басталып кетті. Комбайндар сары алтындай жарқыраған алқапта кемедей жүзіп жүргендей әсер қалдырады. Негізінен, астық бастыру жылдағыдан екі аптаға жуық ерте басталды. Мұндағы себеп көктем өте жаңбырлы болды да жаздың басы аптапқа ұласты. Көптеген шаруа қожалықтары мезгілсіз жауған жаңбыр дәнге толы бидай масақтарын жерге жатқызып тастай ма деп қауіптеніп еді. Ол енді қорқынышты емес дейді.
Астық мәселесіне келсек, өңірде 198 мың гектарға масақты дақылдар егілген. Оның 156,7 мың гектары бидай, 38,3 мың гектары арпа. Комбайн жатқасы, ең алдымен, облыс орталығына іргелес Қазығұрт ауданындағы алқапқа салынды. Мұндағы 34 мың гектар жерге бидай, 3,2 мың гектарға арпа егілген болатын.
«Аманкелді» ЖШС басшысы Нұрлан Құраловтың есімі республикамызға белгілі. Жүзімнің жоғары сұрыптарын өсіріп, көрші мемлекеттерге экспортқа шығарып отырған шаруашылық басшысының 1,5 мың гектар егістігіне алғашқы орақ түсті.
– Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі диқандардың өнімді еңбек етуіне жағдай туғызды, – дейді Нұрлан Амангелдіұлы. – Мәселен, бидайымыздың өткен жылға қарағанда түсімділігі 20 пайызға артты. Қолдағы астықты қайда өткіземін дейтіндей емес, қазірге дейін 30 мың тонна дәнді көрші Өзбекстан мен Иран мемлекеті сатып алуға келісімшарт жасады. Бүгінде алқапта «Аманкелді» ЖШС-інің 15 комбайны мен 12 КамАЗ жүк көлігі жұмыс істеп жатыр.
Мемлекетіміз әлемдік қаржы дағдарысы қос өкпеден қысса да тауар өндірушілерге жақсы көмек беруде. Мәселен, жеңілдетілген бағамен босатылатын минералды тыңайтқыштардың көлемі өткен жылдағыдан айтарлықтай артқан. Алдын ала болжам бойынша 197 гектар масақты дақылдардан гектарына 22 центнерден өнім алынады деген үміт бар. Сонда Оңтүстік диқандары 430 мың тоннадай риздық дәнін жинамақ.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58