Алматыда спорт пен мәдениетті біріктіруге үндейтін «Мәдени Азиада» іс-шаралары аясында өткен «Азиада аруы-2011» байқауы мәреге жетті.
Ақ Азиаданың екінші күнінде спортшыларымыз дүлдүл жарыста қоржынымызға түскен олжаларымен қуантса, кешкісін «Rixos» қонақүйінде финалға шыққан жиырма аруымыз Қазақстан мен оның халқының ерекшелігі мен сұлулығын көрсетуге мүмкіндік туып, өз бақтарын сынады. Сөйтіп, Бас жүлде – Азиада аруы тәжін жиырма екі жастағы көкшетаулық Күміс Базарбаева тақса, бірінші орынды – талдықорғандық аруымыз Әйгерім Досболова, Орал қаласынан келген Саида Әділова екінші ару атанса, ал үшінші орынға Роза Ахмедиева қол жеткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға еліміздің әр түкпірінен жүзден аса ару өтініш білдіріп, соның жиырмасы ғана финалға жолдама алған. Төрт кезеңнен тұрған ақтық сынға қатысушылар төрт рет түрлі сәнді киіммен шығып, өздерін әр қырынан көрсетуге тырысты.
«Азиада аруы» байқауы – спорт пен өнерді жақындастыратын және біздің жастарымыздың саламатты өмірге, спортқа, жан сұлулығы мен тән сұлулығына үндейтін ерекше мерекелік шара. Қазақстандықтар – денсаулығы мықты және көркем ұлт, ал біздің жоба оны бүкіл әлемге паш етеді, – дейді байқаудың бас директоры Константин Коротков.
Бір айта кетерлігі, қазылар алқасы мүшелерінің арасында әртістер, дизайнерлер мен спортшылар болды. Олар – Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, бірқатар халықаралық байқаудың жүлдегері, белгілі дизайнер Кенже Девятко, «Қазақстан аруы – 2007» Альфина Насырова, т.б.
– Аруларымыздың барлығы дерлік шетінен көрікті, әдемі болғандықтан қазылар алқасына бас аруды таңдау оңайға түспеді, – деді бізге берген сұхбатында белгілі эстрада әншісі, әділ қазылар алқасының төрағасы Нұрлан Абдуллин. – Дегенмен, көпшіліктің дауысымен Күміс қызымыз жеңімпаз атанды. Аруларға қойылған талап, тек сахнаға шығып, өздерін көрсетіп, арлы-берлі жүріп өту емес, сол арада өздерін қалай ұстайды, ішкі мәдениетін, жан дүниесін, ішкі сұлулығын қалай бере алады, соған да көбірек көңіл аудардық. Оның үстіне, аруларды таңдаудың өз заңдылықтары бар. Біздің қыздарымыз ол жағынан да сол шарттарға лайықты бола білді. Мәселен, Күміс өзі болашақ өнер адамы болғандықтан, бұл сыннан мүдірмей өтті деп ойлаймын.
Шынында да, айдай сұлу Күміс аруымыз мұндай алқалы топқа тұңғыш рет қатысып отырса да, қай жағынан болса да көрермендердің де көңілін жаулап ала білді. Сүйкімді жымиысы, жылы қабақ, өзін сахнада ұстауы өзгелерден ерек көрінді. Бұл байқаудың үлкен мектеп болғанын атап өткен Күміс өзін Көкшетау қаласының тұрғынымын деп таныстырды. Қазір Алматыда Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның бесінші курсында опералық вокаль мамандығына оқитынын, болашақта үлкен өнерге қадам басқысы келетінін жеткізді.
– Бүгін менің өмірімде ертегідегідей ғажайып күн болды. Өте қуаныштымын. Бірақ, бір нәрсені баса айтқым келеді, адам қашанда өзіне сеніп, ешқашан өз арман-тілегінен, үміт күтуден қайтпау керек екен. – Байқау кезінде ең күрделі де қиын болған сәт, екі апта бойы дайындалып жеткен нәтижеден айрылып қалмай, соны іске асыру. Мәселен, сахнаға шыққанда өзіңді жинап алу. Маған мұндайда көмекке келген өзіме деген сенімім, өз жеңісім, – деді бізге ару қызымыз Күміс.
Сондай-ақ, мәдени шара аясында қазақстандық шоу-бизнестің жұлдыздары өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, домбырашы Асылбек Еңсеповтің күйлері жиналған қонақтардың көңіліне желік, екпін әкелсе, «Орда» тобының әнші жігіттері қазақ әндерін бимен әспеттеп, жұрттың ықыласына бөленді, ал дизайнер Кенже Девятконың коллекцияларына жиналғандар таңдай қақты.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.
Сұлулық тәжі көкшетаулық Күміс Базарбаеваға бұйырды

Катарина ВИТТ: Азия мўз айдыны аруларыныѕ деѕгейі ґсіп келеді
Айнаш ЕСАЛИ.