03 Ақпан, 2011

Катарина ВИТТ: Азия мұз айдыны аруларының деңгейі өсіп келеді

504 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Аты аңызға айналған  Катарина Витт сынды спорт сұ­луы­ның ақпанның алғашқы күні Медеу мұз айдынына келуі допты хоккейден өтіп жатқан Азиадаға қатысушылар үшін тосын сый болды. Бұл күні  Қ­а­зақ­стан, Моң­­­ғолия, Қырғызстан  ойыншы­лары жоспардағы өз жат­тығу­ларын өт­кізіп жатқан бола­тын. Өткен күн­нің аты аңызға айнал­ған мәнер­леп сырғанау­шысы Катарина Вит­тің келуі – күннің басты оқи­ғасына айнал­ды. Ол мұз айды­нында фотосессия өткі­зіп, сұхбат берді. Таны­мал мә­нерлеп сырға­нау­шы өзін қара­пайым және еркін ұстап, бәрін тәнті етті. – Көркіңіздің әдемі құпиясы неде? – Бұл мұз айдынының арқасы! Фитнес жаттығуларын да ұмыт­пау керек, – деді. Әлемнің төрт дүркін, Еуро­паның алты дүркін чемпионы Катарина Витт қазір 2018 жылы Қысқы Азия ойындарын өткізу­ден үміткер Мюнхен қаласының өтінім комитетін басқарады. – Катарина, Азиада-2011 сіз үшін несімен есте қал­мақ? – Мен бүкіл әлемде оның ішінде Азияның да қысқы спорт түрлеріне қы­зығушылық танытып жат­қанына қуаныштымын. Ас­т­анада өткен Азия ойын­дары­ның ашылу рәсіміне қатыстым. Ашылу салта­на­ты маған өте ұнады. Азиа­да­ның ұйымдастыру шара­ларының өзі – айтары жоқ, өте жоғары деңгейде. «Астана-Арена» стадионы таң­дандырды. Ал бізде – Мюнхенде де спорттық нысандар жеткілікті және біз 2018 жылы Олимпиада өткізуге дайын­быз. Соңғы уақытта бізде әсіресе, қысқы спорт түрлері бойынша жарыстар жиі өтуде. – Мәнерлеп сырғанауда Азия­дан шыққан айдын ару­лары­ның деңгейін қалай ба­ғалаған болар едіңіз? – Азиядағы мәнерлеп сырға­нау­­шылардың деңгейі айтарлық­тай өсті. Олимпиада жарыстары мен Әлем чемпионаттарында жо­ғары ха­лықаралық деңгейдегі жүл­делі орындар үшін таласа алатын спорт­шылар аз емес. Жапония, Қы­тай және Оңтүстік Корея сияқ­ты елдерді ерекше атап өтуге болады. – Жаттықтырушылықпен ай­­на­­­лыс­пай жүргеніңіздің сыры неде? – Оған уақыт жоқ. «Мюнхен – 2018» өтінім комитетінен бө­лек, айналысатын қоғамдық жұ­мыстарым жеткілікті. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.