03 Ақпан, 2011

Дерек пен дәйек

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарына арналған медальдарды соғу үшін 30 килодан артық алтын жұмсалды. Азия ойындарын өткізуге бар­лығы 69 медаль жиынтығы жа­сал­ды. Бірінші жүлделі орын­ның медалі алтын жалат­қан күміс­тен соғылған. Оның сал­мағы 280 грамм. Екінші орынға күміс, ал үшінші орынға қола ме­даль ұсы­нылады. Жүлделі жиын­­тықтың дизайны мен оны да­йындауға бір жарым-екі ай кө­лемінде жүзден аса адам еңбек­тенді. Аталмыш марапаттар қисық кристалл түрінде жасал­ған.