16 Маусым, 2016

Имамтакси

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Имамтакси-02мешіттегі тарауих намазынан кейін елді тегін тасымалдайды Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруы бойынша қашық тұратын ағайынды үйлеріне аман-есен жеткізуді мақсат еткен тегін такси Рамазан айының соңына дейін қызмет көрсетпек. Қазіргі кезде Өскемен қаласы мешіттерінің имамдарынан құ­ралған он көлік жамағатты тегін тасымалдап жүр. – Бұл – қасиетті Рамазан айында халыққа сәл де болса көмек болсын деген ниеттен туған игі бас­тамамыз еді. Өйткені, құлшылық үйіне қариялар да, жағдайы төмен адамдар да, мүмкіндігі шектеулі жандар да келеді. Аталған қызметті «Рамазан такси», «Тегін такси» деп атау туралы ұсыныстар болды. Ақылдаса келе «Имамтакси» деп атауды ұйғардық. Өйткені, қарапайым халық арасында имамдар садақашыл, жаназашыл деген іспетті қасаң түсінік кездеседі. Халықты осы ойдан арылту үшін имамдардың жамағатты тегін тасымалдауға әзір, сауапты іске құмбыл екенін көрсетуді мақсат тұттық, – деді Шығыс Қазақстан облысының Өскемен округі бойын­ша өкіл имамы, «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай. «Имамтакси» имамдардың иман­дылық шарттары туралы уағыз ай­туымен де ерекшеленеді.  Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН
Соңғы жаңалықтар