03 Ақпан, 2011

Мәнерлеп сырғанаудың мықтылары

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Азиадада Қытай құра­масы мәнерлеп сырға­нау­дан ең үздік шеберлерімен өнер көрсетеді. Олардың арасында жекелей мәнерлеп сырғанаудан Азиа­дада секірмейтін эле­мент­­т­ерді жақсы орындайтын 16 жасар қытайлық Бингва Дженг, Жапонияда жасөс­пі­рімдер ара­сында өткен жа­рыс­та қола медальді жеңіп алған Кексин Жанг,  жұбы өткен жылы жас­өспі­рім­дер арасындағы әлем чем­пио­натын және Қытай чем­пио­на­­тын жеңген Конг Хан мен Венжинг Суи, Квинг Панг пен Чжан Тонг жұбы бар. Алайда, олар әлі күнге дейін ірі турнирлерде жүлдегерлер үштігіне енген жоқ. Дегенмен қытай саңлақтары Азиадада бар күш-жігерімізді саламыз деуде. Команда құрамында тағы 2007 және 2008 жылдары өткен Қытай чемпионаттарында чемпион бол­ған Ксинтонг Хуанг – Ксюнь Женг жұбы өнер көрсетеді. 26 жасар қытайлық жеке сырғанаушы Джиалианг Ву болса, екі жыл бойы Қытай чемпио­на­тының алтын жүлдегері атанған.