16 Маусым, 2016

Дауылдан соң

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 маусым күні түнге қарай Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласында секундына 25-30 метр жылдамдықпен жел тұ­рып, 300-ден астам ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Дауыл салдарынан электр желілеріне де зақым келіп, Отырар ауданында оны сөндіруге тура келді. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр, олар әр үйді аралап, келтірілген шығын көлемін анықтауда. Табиғаттың осындай тосын мінезінен зардап шеккен аудандардағы хал-ахуалды облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзі көріп-біліп, жағдайдың бақылауда болатындығын жеткізді. Комиссия мүшелерінің айтуына қарағанда, дауылдан зардап шеккендер жоқ, тек үш адам жеңіл жарақатпен медициналық қызметтің көмегіне жүгінген. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы