16 Маусым, 2016

Соғыс ардагерлері

2961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-06-2016 ҰОСүйлерінің қабырғаларына арнаулы тақталар ілінеді Астана қаласының Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын үйлерге есімдері жазылған тақталарды орната бастады. Олар Жеңіс­тің 71 жылдығын тойлау қарсаңында осындай шешім қабылдаған болатын. Қазіргі таңда ауданда 67 соғыс ардагері тұрып жатыр. – Өтіп бара жатқандардың мұнда кімнің тұратынын біліп жүрсін деген ниетпен тақ­талар орнатып жатыр­мыз. Бұл ардагерлердің ер­лігін ұмытпау мақсатында жасалып отыр. Мұн­дай іс-шаралар жастардың бойындағы патриоттық сезімін оятуына септігін тигізеді, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ебенғаппас Ахметов. Қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсетуде. Алғаш болып атаулы белгі ардагер Фролов Алексей Федоровичтің үйіне орнатылды. – Ең бірінші әкімдіктерге, мәслихат мүшелеріне және ардагерлер кеңесіне жасаған сый­лықтары үшін алғысымды білді­ремін. Өскелең ұрпаққа патриот­тық тәрбие беру басты назарға алынып жатыр. Жастарға әскери білім алуды тілеймін! Ешқашан да сағымыз сынбасын! – деді Алексей Фролов. Мұндай белгілер алдағы уақытта соғыс зұлматын көрген әрбір жанның үйіне орнатылады. Елі-жері үшін қасық қаны қалғанша соғысқан жандардың ерен ерлігі ел есінде мәңгі қалады. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар