16 Маусым, 2016

Футбол. Премьер-лига. XVI турда 24 доп соғылды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16.06.2016 AST-3

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы XVI-турының мачтары ойналды. Бұл турда командалар 24 доп соқты. Үш ойында ірі есеп тіркелді. Атап айтқанда, «Атырау» сырт алаңда «Ақжайық» клубымен кездесіп, 4:0 есебімен жеңсе, «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбені» 4:0 есебімен ұтты. Ал Көкшетауда «Оқжетпес» командасы Қарағандының «Шахтер» клубынан 3:0 есебімен басым түсті.

Басқа қалаларда да ойындар тартысты өтті. Мәселен, Талдықорғанның» Жетісу» жасағын сырт алаңда «Таразды» 3:2 есебімен жеңсе, «Астана» командасы да «Қостанайдан үш ұпай әкетті. Астаналықтар «Тобылды» 2:1 есебімен ұтты. Осы турда бір ғана матчта тең есеп тіркелді. Алматыда «Қайрат» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен тең түсті. Есеп – 2:2.

 
Клубтар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Доп Ұпай
1  Астана 16 14 1 1 25-8 43
2  Ертіс 16 10 4 2 27-9 34
3  Қайрат 16 9 3 4 33-14 30
4  Оқжетпес 16 8 3 5 24-17 27
5  Ордабасы 16 7 3 6 21-21 24
6  Ақтөбе 16 5 5 6 16-21 20
7  Атырау 15 5 4 6 16-18 19
8  Жетісу 16 5 4 7 18-24 19
9  Тобыл 15 5 3 7 17-18 18
10  Шахтер 16 3 4 9 5-23 13
11  Ақжайық 16 3 2 11 10-27 11
12  Тараз 16 1 4 11 14-26 7
Премьер-лиганың сұрмергендері: Жерар Гоу («Қайрат») – 10 доп; Роман Муртазаев («Ертіс»), Душан Савич («Жетісу») – 9 доп; Бауыржан Исламхан («Қайрат») – 7 доп; Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Серж Бандо  Нганбе («Окжетпес») – 6 доп; Самат Смақов («Ақтөбе»), Джордже Деспотович, Таңат Нөсербаев (екеуі де  — «Астана»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»), Малик Мане («Тараз») – 5 доп.   XVIІ-турдың мачтары 19 маусым күні өтеді. «Атырау» — «Тараз» «Шахтер» — «Ақжайық» «Астана» — «Ертіс» «Ақтөбе» — «Қайрат» «Ордабасы» — «Оқжетпес» «Жетісу» — «Тобыл»   Дастан Кенжалин. Фото: fckairat.kz Видео: vk.com.