16 Маусым, 2016

Оңтүстіктің 15 спортшысы әлем чемпионы атанды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16.06.2016 OQO-2 Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері Әлем чемпионаттары мен Кубоктарына қатысып, 15 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. 2016 жылдың 5 айында өңірдің спортшылары Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 361 алтын, 360 күміс, 344 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 13 алтын, 14 күміс және 16 қола медальге ие болды. Осы уақыт ішінде аймақта 13 халықаралық дәрежедегі, 55 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен 317 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Айта кетейік, осы жылы Рио-де-Жанейро қаласында Олимпиz ойындарына қатысуға бүгінде облыс спортшылары 17 лицензияны жеңіп алып отыр. Бақтияр Тайжан. Фото: egemen.kz Оңтүстік Қазақстан облысы.