16 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Англия алғашқы жеңісіне жетті (видео)

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
160616-england-wales Бүгін Ланс қаласында В тобының Англия және Уэльс құрамалары «Боллар-Делелис» стадионында кездесті. Бұл ойында ағылшындар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Англия – Уэльс 1:1 Англия: Джо Харт, Кайл Уокер, Гари Кэйхилл, Крис Смоллинг, Дэнни Роуз, Эрик Дайер, Деле Алли, Уэйн Руни, Адам Лаллана (Маркус Рэшфорд 73), Рахим Стерлинг (Дэниель Старридж 45), Харри Кейн (Джейми Варди 45) Уэльс: Уэйн Хеннесси, Крис Гантер, Джеймс Честер,  Эшли Уильямс, Бен Дэйвис, Нил Тейлор, Джо Аллен, Джо Аллен, Джо Ледли (Дэвид Эдвардс 67), Аарон Рэмзи, Хэл Робсон-Кану (Джонатан Уильямс 72), Гарет Бэйл Голдар: Гарет Бэйл 42 – Джейми Варди 56, Даниэль Старридж 45 Бірінші таймда Англия командасы қарсыластарына айтарлықтай ешнәрсе жасай алмады. Шабуылдар ұйымдастырғанымен, Уэльс құрамасының қорғанысынан өте алмады. Ал Гарет Бэйл бастаған команда жүйелі ойын көрсетіп, шабуылдарға жиі шығып жүрді. Осының арқасында 42-минутта шамамен 40 метр жерден айып добын орындаған Гарет Бэйл Джо Харттың қақпасына бірінші голды соқты. Ал екінші таймда Рой Ходжсон алаңға шабуыл шебінде өнер көрсететін Джейми Варди мен Даниель Старриджді шығарды. Осыдан кейін ағылшындардың ойынына жан бітіп, мүлдем өзгерді. Дәл осы екі шабуылшы Англияның жеңіске жетуіне қажетті екі голды соқты. 56-минутта Варди айып алаңындағы тартысты сәттердің бірінде ыңғайлы келе қалған допты қақпаға тура бағыттап, таразы басын теңестірді. Ал Старридж матчтың аяқталуына екі минуттай уақыт қалғанда жеңісті голды соғып, Англияның дүбірлі додадағы алғашқы жеңісіне себепші болды. Аян Әбдуәли. Фото, видео: vk.com.