Бүгін футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында С тобының Украина мен Солтүстік Ирландия құрамалары кездесті. Бұл ойында қарт құрлықтың додасына алғаш рет қатысып жатқан Британия елінің командасы алғашқы жеңісіне жетті. Солтүстік Ирландия Украина жасағын 2.0 есебімен ұтты.
Кездесуде командалар тең ойнады десе болады. Екі жақ та матч басталысымен қорғаныста жатып алмай, жиі-жиі шабуылдар жасап отырды. Сондай сәттердің бірінде Солтүстік Ирландияның жартылай қорғаушысы Маколи 49 минутта есеп ашты. Одан кейін ойынның негізгі уақыты бітіп, қосымша уақыт берілгенде шабуылшы Уордтты жасыл алаңда алмастырған Макгинн Украина қақпасына тағы бір доп соғып, матчқа қалың нүктені қойып кетті. Сөйтіп, Солтүстік Ирландия Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне жетсе, Украина қатарынан екінші рет жеңіліп тапты.
Енді Украина Польша құрамасымен кездеседі. Ал Солтүстік Ирландия Германия командасымен жасыл алаңға шығады. Қазір Париж қаласында осы екі елдің жасақтарының кездесуі басталады.
Украина – Солтүстік Ирландия 0:2 (0:0)
Голдар: Маколи 49, Макгинн 90
Ескерту: Селезнев 40, Уорд 63, Сидорчук 67, Даллас 87, Эванс 90.
Украина: Пятов, Хачериди, Шевчук, Федецкий, Ракицкий, Коваленко (Зинченко 83), Степаненко, Ярмоленко, Сидорчук (Гармаш 76), Коноплянка, Селезнев (Зозуля 72).
Солтүстік Ирландия: Макговерн, Кэткарт, Эванс, Хьюз, Маколи, Дэвис, Эванс (Макнейр 90), Даллас, Норвуд, Уорд (Макгинн 69), Уошингтон (Мадженнис 84).
Төрешілер: Павел Краловец, Томаш Мокруш (екеуі де - Чехия), Роман Слишко (Словакия).
16 маусым. Лион. «Стад де Лион» стадионы.
Дастан Кенжалин.
Фото: telegraf.com.ua
Видео: vk.com