17 Маусым, 2016

Футбол. «Еуро-2016». Командалар алғаш рет гол соға алмады

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
16.06.2016 AST-6 Бүгін футболдан Еуропа чемпионатында С тобының Германия мен Польша командалары кездесіп,  0:0 есебімен тең түсті. Кездесу тартысты өтті. Бұл матчта қай құрама бірінші болып гол соқса, сол команда қарсыласын жеңе алатын еді. Польша құрамасында Роберт Левандовски мен Аркадиуш Милек дуэті, Германияда Томас Мюллер, Томас Кросс, Марио Гетце, Месут Озил сияқты ойыншылар гол соғуға барын салды. Алайда ойын басталысымен бір-бірінің қақпаларын нысанаға алған командалар 90 минуттан астам уақыт бойы доп соға алмай кетті. Жалпы, матчта құрамалар тең ойнады. Осы топта Германия ғана емес, Польша да фаворит бола алатынын көрсетті. Егер поляктар алдағы уақытта бүгінгі ойындағыдай өздерін жақсы қырынан көрсете білсе, финал демей-ақ қояйық, жартылай финалға да жетуі мүмкін. Қазір командалар екі матчтан кейін 4 ұпайдан жинады.  Солтүстік Ирландияда 3 ұпай, ал Украинада ұпай жоқ. Келесі ойында Польша мен Германияға топтық турнирде бірінші орынға шығу үшін қарсыластарын жеңу керек. Олардың осы мақсатты 100 пайыз орындауға шамалары жетеді. Олардың қарсыластары – Украина мен Солтүстік Ирландия. Германия - Польша 0:0 (0:0) Ескерту: Хедира 3, Озил 34, Мончиньски 45, Гросицки 55, Боатенг 67. Германия: Нойер, Боатенг, Хектор, Хеведес, Хуммельс, Гетце (Шюррле 66), Кроос, Озил, Хедира, Дракслер (Гомес 72), Мюллер. Польша: Фабианьски, Глик, Енджейчик, Пишчек, Паздан, Блашчиковски (Капустка 80), Крыховяк, Мончиньски (Йодловец 76), Гросицки (Пешко 87), Милик, Левандовски. Төрешілер: Бьорн Куйперс, Сандер ван Рукел, Эрвин Зейнстра (барлығы - Голландия) 17 маусым. Сен-Дени. "Стад-де-Франс" стадионы. Дастан Кенжалин. Фото: dw.com Видео: vk.com