17 Маусым, 2016

«Қазаншының еркі бар...»

313 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
15-06-фото Халелова Рафхата (95)Еліміздің әр қаласының өзіне тән бас жос­пары болуы – заңды­лық. Кез келген қала осы бас жоспарға сәйкес өсіп-өркендеп, дами алады. Мұндай қабырғалы құжат Орал қаласы бойынша да қабылданып, Үкіметте бекітілген. Бас жоспар дегеніміз, ең алдымен, қаланың архитектуралық ажарын айқындайтын, оған қайталанбас кескін мен келбет беретін жарқын жоба. Осы тұрғыда тұрғызылатын тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың және әкімшілік ғимараттардың бір-бірімен үйлесімді болуы шарт. Егер бұл сақталмаса немесе көрінеу көзге белден басылса, есекке ер салғандай ебедейсіз болып тұрады емес пе? Орал қаласындағы облыс­тық және қалалық әкімдік ғи­мараттары орналасқан алаңның қасынан, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиа­лы үйінің тура түбінен биіктігі аспанмен таласқан көпқабатты құрылыс тұрғызылып жатыр. Осы арада айта кетерлік жайт, үш қабатты облыстық әкімдік ғимараты – тарихи ескерткіштер қатарына кіреді. Қалалық әкімдік орналасқан үй төрт қабаттан тұрады. Ал «Нұр Отан» партия­сы филиалының ғимараты не бары үш қабат. Осылайша, жаңа құрылыс әкімшілік ғимараттарға шекесінен қарап, еңселерін басатын түрі бар. Көкке қол созған құрылыс неше қабаттан тұрмақ? Біз бұл сауал­ды Батыс Қазақстан об­лы­сының мемлекеттік сәулет-құрылыс ба­қы­лауы бас­қар­масының басшысы Ахмет Ғұбайдуллинге қойған бо­ла­тын­быз. Обалы не керек, ол біз­дің журналистік сауалымызға түсі­ністікпен құлақ асып, сөз болып отырған нысанға қатысты құжаттарды алдыртты. Бұдан ұққан-түйгеніміз төмендегідей. Орал қаласының дәл орта­лық алаңы тұсындағы бұл жерді жеке тұлға сатып алыпты. Яғни, жекеменшік иесі бар. «Қазан­шының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деген пиғыл дәл осы кезден бас көтерген секілді. Сөй­тіп, ол қаланың орталық алаңы бөлігінен көпқабатты құры­­лысты бастап кетеді. Оның мұндай батыл қадамына Орал қаласы әкімдігі­нің 2011 жыл­ғы 22 қыркүйектегі ше­шімі негіз болыпты. Арада он ай уақыт өткенде, яғни 2012 жыл­­дың 2 шілдесі күні 09-0263 нөмір­лі мемлекеттік сараптама өткі­зіліп, бұл құжат сол бойда заңдастырылған. Соған сәй­кес жобалау-сметалық құжаттар жасалған. Мансармен қоса жоба­лан­ған нысан тоғыз қабаттан тұрады. Жоба бойынша оның бірінші және екінші қабаттары бизнес орталығы болады деп белгіленіпті. Құрылыстың бас мердігері – «Газстрой ЮГ» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігі. Осы материалды газетке әзірлеу барысында Орал қаласы сәулет және қала құры­лысы бөлімінің басшысы Виталий Кушнирмен және Батыс Қазақ­стан облысының құрылыс бас­қар­масы сәулет және қала құ­ры­­лысы бөлімінің басшысы Ержан Есімовпен пікірлесіп, үш қабатты «Нұр Отан» партия­сы ғимаратының іргесінен тұр­ғызылып жатқан көпқабатты ғи­м­араттың қаланың бас жос­пары­на және архитектура­лық өлшемдер мен талаптарына қан­ша­лықты сәйкесетіні жөнінде сауал­дар қойған едік. Бұған қатысты Орал қаласы­ның бас архитекторы В.Кушнир нақты жауап қайтармай, әрлі-берлі сырғытып болды. Ол «Құры­­­лыс жобасына қатысты мәсе­­лелер бұған дейін қала құры­­­лысы кеңесінде қаралған, өзара келісілген, мақұлдан­ған, соған сәйкес қала әкімдігінің қау­­­лысы шығарылған» дегеннен әріге бара алмады. Рас, Виталий Викторович өз сөзінде қаланың қақ орталығындағы архитектуралық ансамбльдердің өзара үйлесімділігін бұзып, әкім­шілік ғимараттарға төбесінен қараған нысан жобасының құры­лысы жөніндегі мәселе облыстық құрылыс кеңесінде де қаралып, келісілгенін алға тартты. Содан соң біз облыстық дең­гейдегі қаралған мәселенің мән-жайына қанығу үшін Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаевпен жолыққан болатынбыз. Ол тіпті нендей мәселеге қатысты сауал қоятынымызды білмей тұрып-ақ, қабағын қарс түйіп алып, жауап беруден бір­ден ат-тонын ала қашты. «Мен сізге облыстық әкімдіктегі тиіс­ті тұлғалармен келісіп, олар­дың рұқсатын алмай, ешқандай ақпарат бере алмаймын» деп кесіп айтты басқарма басшысы А.Өксікбаев. Содан кейін қарауындағы қызметкері арқылы қолымызға тілдей қағаз ұстатты. Мұнда «Обл.акимат. Бахытжан, Жарқын» жазылыпты. Астында олардың қызмет телефондары көрсетілген екен. Кейіннен «Бұл кісілер кім болды екен?» деп сұрастырып көрсек, олардың бірі облыстық әкім­­дік­тің бас инспекторы Бахытжан Нарымбетов те, екіншісі, облыс әкімінің баспасөз хатшы­сы Жар­қын Жұмаділов болып шық­ты. Бұл арада А.Өксікбаев жур­налистің ақ­парат алуға, сұратуға және оны таратуға құқы­ғы бар екенін көр­сеткен ҚР-ның Баспасөз туралы заңын­дағы белгілі бапты біл­мей­­тін­­дігін байқатып қалғандай болды. Сонымен бүгінгі материа­лы­­мызға желі болып тартылған мә­се­леге орай жоғарыда аты-жөні көр­сетілген екінші мемлекеттік қызметкер – Батыс Қазақстан об­лысының құрылыс басқармасы, сәулет және қала құрылысы бөлі­мі­нің басшысы Ержан Есімов­тің не дегеніне келейік. – Әрине бұл бас жоспар талаптарына да, архитектуралық нормалар мен критерийлерге де сәйкес келмейді. Үш-төрт қабат­тан тұ­ра­­тын тарихи ансамбль­дердің жа­ны­­нан бой көтерген 9-10 қабат­ты үй іргелес орналасқаны ғи­ма­рат­тар­дың үйлесімділігін бұза­ды,– деп жа­у­ап қайтарды ол. Сонымен, аталған нысанның бүгінгі жай-күйі қандай? Соңғы кезде оралдықтар бұл құрылыстың тоқтап, қаңтарылып қалғанына куә. Неге? Мұның астарында не сыр бар екен? Материалға қажет­ті деректер жинау барысын­да алынған ақпараттар оның қо­сым­ша және бас мердігерлері ағалы-інілі Асқар және Біржан Қапасовтар екенін айғақтайды. Өмірдің қуанышы мен қайғы­сы қатар жүреді. Аталған құры­лыстың бас иесі Біржан Қапасов автокөлік апатынан дүние салыпты. Соңғы кезде құрылыстың күрт тоқтап қалуының бір сыры осында болып шықты. Енді құрылыс жобасының заңды мұрагері кім болмақ? Бұл осы сорайған күйінде мызғымай тұра бере ме? Бұған дейінгі алынған шешімдердің заңдылығы туралы не деуге болады? Бұл жөнінде прокуратура органдары мен сот жүйесі қандай шешімге келмек? Әйтеуір не көп, аталған құры­лыс нысанына қатысты туындап отырған сұрақ көп. Оның нақты жауа­бы мен шешімі әзірге табыла қоятын түрі байқалмайды. Мыңдаған оралдықтар мен қала қонақтарының аяқталмаған құры­лысқа қатысты мұның не әрі емес, не бері емес, белгісіз күйі жөнін­дегі сөз таластары да тоқтар емес. Бүгінде республикамызда сәу­лет-құрылыс басқармасы мем­лекеттік мекемелерінің бұған дейін атқарып келген бірқатар функциялары шектелген. Бұдан былай олар мемлекеттік және жеке үлгідегі нысандарды мем­ле­кеттік қабылдау актілеріне қатыса алмайды. Әрине, мұның өзі құрылыстың бүгінгі өмір­шең әрі өскелең, сонымен бірге әлем­дік стандарттар талабынан туын­дап отырғаны белгілі. Бұл жөнін­дегі жауапкерші­лік алдағы уақытта тапсырыс беруші жеке тұлғаларға, бас мер­­ді­герлерге және техникалық қадағалаушылар мен жоба ие­леріне жүктелмек. Осы арада аталған төрт бірлік тиісті заң­дылықтар мен үйлесім­ділік­­тің сақталуына көңіл бөле білген­дерін қалар едік. Бүгінгі әңгі­меміздің басты арқауына айнал­ған құрылыс нысаны жөнінде де айтар түйін осындай. Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы