17 Маусым, 2016

Disneyland ойын-сауық орталығы

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-06-2016 ДиснейлендАспанасты елінде де ашылды Әйгілі Disneyland ойын-сауық орталы­ғының бір құрылымы Қытайдың Шанхай қаласында ашылды. Бұл орын «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінің негізінде салынған. Сонымен қатар, қыдырып келгендерге арналып жасалған бірқатар аттракциондар бар. Ашылу салтанатының билеттері 28 нау­рыз күні сатылымға шығарылып, небәрі 20 минуттың ішінде түгел өтіп кеткен екен. Билет бағасы 499 юаньды, яғни 26 мың теңгені құрайды. Сол сияқты алғашқы екі аптаның билеттері де толық сатылған. Ал сәуір айындағы 23 күнге созылған сынақ кезеңінде демалыс орнына 960 мың адам серуендеп келген. Қытай Халық Республикасында осымен екінші Disneyland ашылып отыр. Алғашқысы – Гонконг қаласында. Бұл – Walt Disney компаниясының дүние жүзіндегі алтыншы орны. АҚШ-тың Калифорния және Флорида штаттарында, Францияның Париж, Жапонияның Токио қалаларында ашылған. Әлемдегі ең үлкен демалыс орнының құрылысы 2011 жылы басталған. Мәліметтер бойынша, оған 3,5 миллиард доллардан 5,5 миллиард долларға дейін қаржы жұмсалған. Егер ойын-сауық орталығына жылына 12-15 миллион адам келетін болса, кеткен шығынды 8 жылдан соң ғана қайтаруға болады екен. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»