Оралда Біржан Қожақов есімді кәсіпкер сал ауруына шалдыққандардың бойын тіктеп, сауығып кетуіне мүмкіндік беретін құрылғы жасауды қолға алды.
Ол бұрын жол сақшысы болып қызмет еткен. Екі аяғын бірдей үсітіп алып, арбаға таңылған. Өмірдің қиындығына мойымаған Біржан қазіргі таңда 20 адам қызмет ететін жиһаз цехын басқарып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап жасалған құрылғылар өндірістік тәсілмен шығарылып, әлеуметтік мекемелерге тегін таратылады. Акция барысында бірнеше оңалту мекемесі жаңа құрылғыларға ие болды. Осыған байланысты жергілікті құрылыс компаниясы құны 5,5 миллион теңге болатын арнайы жабдықты сыйға тартты.
– Бұл аппараттар Ресей, Германия, Түркия елдерінде шығады. Сол үшін «Қазақстанда жасай аламыз» деген акциямен жасадық. Барлығын дәрігерлермен кеңесіп барып, іске асырып жатырмыз, – дейді Біржан Қожақов.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше