17 Маусым, 2016

Ұсынымдар ескерілетін болады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Б.Бекетаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстан Респуб­ликасы Әділет ми­нистрлігі да­йын­даған «Қазақ­стан Рес­­пуб­ли­ка­с­ы­ның Әкім­шілік құқық бұзу­шы­­лық туралы кодексіне өз­гер­іс­­­­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негiзгi қағидалары және жергiлiктi полиция қызметi туралы заңнаманы іске асыру барысы мен оны қолданудың проблемалық жағдайлары туралы мәселелер қарастырылды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары уәкілетті мемлекеттік орган­дарының заң жобалау жұмысы және құқық қолдану қызметі барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі  Мемлекеттік құқық бөлімі