17 Маусым, 2016

Оңтүстік Кореяның тұрғыны

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-06-16-О4т8ст3ккореялы0бірінші болып ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сатып алды Таяуда ЭКСПО-2017 көрме­сінің билеттері сатылымға шыға­рылды. Осы орайда, елімізде өтетін халықаралық көрмеге қызы­ғушылық танытып, билет сатып алуға ниетті шетелдік азаматтар белгілі бола бастады. Соның бірі – Оңтүстік Корея тұрғыны, бизнес саласының ханымы Джонг Хи Ву. – Астанада өтетін халықаралық көрме жайында барлық мағлұматты әлеуметтік желі арқылы біліп отырамын. Сондықтан да билеттер сатылымға шықты дегенді естіп, сатып алуға асықтым, – дейді Джонг Хи Ву. Сонымен қатар, шетел азаматшасы ЭКСПО-ның ашыл­уын асыға күтетінін де жеткізді. Себебі, ол Қазақстанда бизнес-жобаларды бірге жүзеге асыратын серіктестер тапсам деген ниетте. Бүгінде Джонг Хи Ву басқа­рып отырған компания қала инфра­құры­лымын дамытумен, IT-технология және халықаралық сауда-саттық операцияларын орын­­даумен айналысады. Ал меке­ме­нің жылдық қаржы айналымы мил­лиард долларды құрайды. – Қазақстан – Оңтүстік Корея­­ның стратегиялық серік­тесі. Сондықтан, кореялық компания­лардың қазақ­стандық мекемелермен серіктес болуға ынталы екенін білемін. Біз­дің компания да Қазақстаннан мүд­делес мекеме табуды көздейді, – дейді Leaders D&C компаниясының президенті Джонг Хи Ву. Айта кетейік, аталған оңтүс­тіккореялық компания еліміздегі ірі кәсіпорындармен бірге баламалы энергия тұрғысында бірқатар жобаны іске асыруға ықылас білдіріп отыр. Сонымен қатар, оны теміржол және «Жібек жолы» жобалары да қызықтырады. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар