17 Маусым, 2016

Қымыздан жасалған тәтті тағамдар

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қымыздан жасалған тәтті тағамдарАлматыда Қазақ тағамтану академиясының қасынан қымыздан түрлі  тағамдар жасайтын зауыт іске қосыл­ды. Ғалымдардың айтуынша, әлемде мұндай өндіріс орны алғаш болып Қазақстанда ашылып отыр екен. Академик, медицина ғылым­дарының докторы Төрегелді Шарманов Қазақ тағамтану ака­д­емия­сының бірнеше жылғы ғылыми жұмыстарының арқа­сында осындай жетістіктерге жетіп жатқанын айтты. – Сиыр сүтіндегі май қыш­қылының құрамында транс­майқышқылы деген улы зат бар. Ал биеде ол жоқ. Осыған байланысты біз мұндай сусыннан өзге де тағам түрлерін дайындау қажет деген ойға келдік. Содан мән беріп қарасақ, тортты, тәтті бәліштерді, кәмпитті, шоколадты, балмұздақты жасауға болады екен. Қымыздан жасалған балмұз­дақтың ерекшелігі, құрамында адам денсаулығына қауіпті химия­лық қоспалар жоқ. Оның бағасы да қымбат емес көрінеді. Мамандар алдағы уақытта бұдан бөлек бір­неше тағам түрін шығаруды жос­парлап отыр. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»