17 Маусым, 2016

Немқұрайды қарауға болмайды

265 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
мемлекеттік кірістер департаментіБүгінгі күні ақпараттық және инновациялық технология­лар жаңарған сайын, салық жүйе­сін­дегі бақылау мен әкім­шілендіруді жетілдірілуге байланысты өзгерістер де күн санап көбейіп келеді. Бұл, әрине, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Дүние­жүзілік банктің «Doing Business» рейтингінің талаптары негізінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың біріне жатады. Сондықтан да салық төлеуші субъектілерге қойылатын талап­тар­ға байланысты бірқатар өз­герістер тәжірибеге енгізілді. Соның бірі – сауда орындарында автоматты түрде мәліметтер беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасын орнату бо­лып табылады. Бұл талап – салықтан жалтаруға жол бермейтін және салықтық есептілік проб­лемаларын дер кезінде жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін тиімді тетік. Атап айтсақ, Қазақстан Рес­публикасы Салық кодексінің 645-бабының 1-тармағы, 4-тар­мақшасының және Қазақстан Үкіметінің 2015 жылғы 30 жел­тоқсанындағы №1129 қау­лы­сының талаптары негізінде үс­тіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің аумағындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіп­керлер үшін мәліметтер беру функ­циясы орнатылған бақылау-кассалық машинасын пайдалану тәртібі енгізілді. Сонымен қатар, салық төлеушілер үшін жасалып отырған бұл талаптар жалпылама қолданыстағы телекоммуникация жүйесі жоқ жерде ғана жұмыс істемейді. Себебі, алыс ауылдарда, ғаламтор жүйесі толық түрде жұмыс істемейтін жерлерде аталмыш бақылау-кассалық машинасын орнату міндетті емес. Осы орайда, «салық төлеу­шілердің қандай категориясы ав­томатты түрде мәлімет беру функция­сы орнатылған бақылау-кассалық машинасын орнатуға міндетті?» деген заңды сұрақ туатыны ақиқат. Атап айтсақ, орман шаруа­шылығы және құрылыс материалдарымен, сантехникалық жабдықтармен, металл бұйым­дарымен, компьютермен, жылыту және су құбыры қондырғысымен, аудио-бейне техникаларымен, электрлі-тұрмыстық құралдармен, жиһазбен, жарық беретін қон­дырғылармен бөлшек және көтерме сауда жасайтындар, сондай-ақ, қонақүй, мейрамхана, азық-түлікті жеткізіп беру, кинофильм көрсетуге тапсырыс беру, шаштараз және сұлулық салоны, бағдарламалық қамтамасыз ету қызметімен айналысатындар мәлімет беру функциясы орнатылған бақылау-кассалық машинасын пайдалану арқылы жұмыс істеуге міндетті. Кассалақ-бақылау машинасын пайдалану механизмінде бұрынғы кассалық аппаратпен салыстырғанда көп айырмашылық жоқ. Мысалы, тауар сатып алушыдан алынған қолма-қол ақша бақылау-кассалық машинасына енгізіледі. Бақылау-кассалық машинасының мәліметтері онлайн режімінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының фис­кальды мәліметтер жинайтын орталық операторына жіберіледі де, жинақы бақылауда тұрған түбіртекке өзіндік нөмір беріледі. Өзіндік нөмір бақылау-кассалық машинаға келіп түскен кезде машинадан бақылаудағы чек шығады да, сатып алушыға беріледі. Содан кейін фискальдық мәліметтердің операторы жүйелі түрде күнделікті соммалық есептерді әрбір кассалық-бақылау машиналары бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің серверіне жіберіп отырады. Бұл жүйенің енгізілуі елімізде көлеңкелі айналымның көлемін қысқартумен қатар, тұтынушының құқығын қорғауда да үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, кассалық-бақылау машинасы орнатылып, ол өз жұмысын дұрыс атқарып тұрған жағдайда, салық органдары тарапынан болатын негізсіз тексерулерге де жол беріл­мейді. Себебі, салық органдары кассалық-бақылау машинасы орнатылған сауда нүктесіндегі қолма-қол ақшамен жасалатын барлық операциялар бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арқылы тиісті мәліметтермен дер уақытында қамтамасыз етіліп отырады. Қазіргі уақытта кассалық-бақылау машиналарының мем­лекеттік реестрге тіркелген жа­ңа үлгілерін аталмыш маши­наларға техникалық қыз­мет көрсету орталықтарынан алу­ға болады. Сатып алғаннан кейін, біріншіден, фискальды мәліметтер операторының www.oofd.kz Веб-ресурс порталынан қағазға шығарып алып, оны қол қою және мөрмен куәландыру арқылы фискальды мәліметтер операторымен келісім жасалады. Екіншіден, жергілікті қызмет аймағы бойынша мемлекеттік кіріс органдарына өтініш жазу арқылы бақылау-кассалық машинасын тіркеу карточкасы беріледі. Үшіншіден, бақылау-кассалық машина порталда тіркеледі де, ID және токен (таңбалаушы) нөмірі алынады. Бақылау-кассалық машинасын мемлекеттік кіріс органында және жоғарыда айтылған порталда тіркегеннен кейін ба­қылау-кассалық машинасын ID және токенмен авторластыру қа­жет. Осы жұмыстардың бәрі біт­кеннен кейін ескі кассалық машина мемлекеттік кіріс органы­ның есебінен шығарылады да, жа­ңа қондырғы өз жұмысын бастайды. Иә, бір қарағанда бақылау-кассалық машиналарды орнатуда және тіркеу барысында қиыншылықтар аз емес сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, ақпараттық технологиядан хабары бар адамға еш қиындығы жоқ. Тағы да бір айта кететін жағдай, бақылау-кассалық машиналарын орнату мәселесіне немқұрайды қарауға болмайды. Олай дейтіні­міз, кез келген заң талаптары оны орындамаған жағдайда құқықтық шаралар қолдануды назардан тыс қалдырмайды. Себебі, заң – баршаға ортақ. Бекен НҰРАХМЕТОВ, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің тү­сіндіру жұмыстары бас­­­­қармасының бөлім басшысы АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар