03 Ақпан, 2011

Қор рыногына шығу жолдары қаралды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес мүшелері мемлекеттің қатысуындағы компанияларды қор рыногына шығару және ел тұрғындары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржыларын қор рыногының механизмі арқылы ұлттық компаниялардың акционерлік капиталына шығару мәселелерін қарады. Сол сияқты К.Мәсімов отан­дық кәсіпорындардың бәсекеге қа­білеттілігі және еңбек өнімді­лі­гін арттыру мәселесі бойынша да жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Сондай-ақ Үкімет басшы­сы­ның төрағалығымен Экономи­каны модернизациялау мәсе­ле­лері жөніндегі мемлекеттік ко­мис­сияның да отырысы өтті. Онда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты – «Кәсіпкерлік секторды сауық­тыру» мәселесі шеңберіндегі ұсы­ныстар талқыланды.