17 Маусым, 2016

Бірінші орында – біліктілік

292 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Біз қашанда Алматымызбен мақтанамыз. 2014 жылы Алматы қаласының жасына байланысты ЮНЕСКО-ның назарын аудару мақсатында Алматы халықаралық форумының алғашқы қарары қабылданды. Халықаралық ұйым 2015 жылы «Алматының 1000 жылдық мерейтойы 2016 жылы атап өтілсін» деген шешім шығарды. Осыған орай, Алматы қалалық №5 клиникалық аурухананың бас дәрігері Болат Нұрмұрзаұлы Садықов былай дейді: «Мен дәрігер ретінде Алматы қаласында ғылыми-тәжірибелік медицинаның жақсы дамығанын тілге тиек етер едім. Мыңдаған дәрігерлер Алматы мемлекеттік медицина институты (қазіргі ҚазҰМУ) қабырғасынан білім алып шықты. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру инс­титуты тек Қазақстанды ғана емес, көршілес республикаларды да жоғары санатты дәрігер-мамандармен қамтамасыз етуде. Сызғанов атындағы хирургиялық ғылы­ми-зерттеу институты, кардиология­лық, урологиялық, көз аурулары, басқа да ғылы­ми-зерттеу орталықтары медици­на­ның ірге­лі мәселелерімен ғана айналысып қойған жоқ, сонымен қатар, өте ауыр жағ­дай­дағы ауру­лардың өмірін сақтап қалды. Қаншама адам­ның өмірі ұзарып, қан­шама сәбиге бақытты балалық шағы қайтарылды. Мемлекет саясатының бір бағыты Қазақ­­стан халқының денсаулығын жақ­сарту екен­дігі белгілі. Елбасы өзінің «100 нақты қадам» жөніндегі мақаласында еліміздің қар­қын­ды дамуы үшін меди­ци­налық қызмет көр­сету сапасын жақ­сартып, денсаулық сақ­тау саласы заманауи жоғары технология­лар­мен жаб­дық­талуы тиіс екендігін айт­қан болатын. Әлеуметтік медициналық сақ­тан­­ды­ру­ды енгізу міндеттілігі алға тартыл­­ды. Өйт­кені, әлеуметтік медициналық сақ­­тан­­­дыру медициналық ұйымдардың мем­ле­­кет­­тік емес медициналық ұйымдар ар­қы­лы корпоративтік принципке көшуіне мүмкіндік береді. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары ме­ди­ци­­налық қызмет көрсетудің жаңа тәсі­лін анық­­тап берді. Қалалық клиника Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жол­дауын басшылыққа ала отырып, көп­теген жобаларды жүзеге асыруда. Емдеу-про­фи­лактикалық мекемелердің бірі саналатын аурухана медицинаның әлеуметтік сақ­тан­дыру саласында медициналық көмек көр­сетуді тегін және шаруашылық есеп бойын­ша жүргізуді дамыту үстінде, дені сау ұлтты қалыптастыру жолында мемлекет сая­сатын­дағы басты мәселелерді жүзеге асыруға атсалысуда. Клиника заманауи технологияның көмегімен әр емделушінің денсаулығын қалпына келтіруде, сонымен қатар, қызметкерлердің білімін жетілдіру арқылы сапалы медициналық көмек көр­сетуде. Аккредитациялық комиссияның шеші­мі­мен аурухана сыннан ойдағыдай өтіп, ISO 9001: 2008 Халықаралық стандар­ты бойынша сертификатқа ие болды. №5 қалалық клиника республикамыз­дағы ЛОР-ағзаларына, жақ-бет ауруларына жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін бірден-бір аурухана болып саналады. Жақ-бет жарақатын алғандарға, ЛОР-ағзалары бойынша дерті анықталған, сондай-ақ, стоматологиялық сырқаттарға көмек көр­сетуде, күні-түні тегін хирургиялық жедел жәрдем берілуде. Бұған жақ-бет хирур­гиясы бойынша реконструктивтік-плас­тикалық оталар, құлағы ауыр еститін ересектер мен балаларға есту қабілетін жақсарту мақсатында жасалатын оталар жатады. Заманауи медициналық технология­ны жетік меңгерген, кәсіби жағынан өсуге ұмтылатын, жан-жақты білікті және тәжі­ри­белі медицина қызметкерлерінің саны соңғы екі жылда едәуір артып келеді. Олар­дың республикадан тыс жерлерде білім­дерін жетілдіріп келуіне мүмкіндіктер қарас­ты­рылған. «Бүгінгі таңда клиникамызда жоғары санатты 53 дәрігер, 2 медицина ғы­лым­дарының докторы, 14 медицина ғылым­дары­ның кандидаты жұмыс істейді», – дейді бас дәрігердің орынбасары Майя Өтегенқызы. Клиника мамандары алыс-жақын шетелдерде, атап айтсақ Германия, Авс­трия, Ұлыбритания, Израиль, Оңтүс­тік Корея, АҚШ, Жапония, Италия, Поль­ша, Швейцария, Түркия, Дания, Ресей және Украинаның алдыңғы қатарлы клиникаларында оқып-үйреніп, тәжірибе алмасуда. Клиника басшылары негізі­нен дәрігерлердің медициналық құрал-жаб­дықтар шығаратын елдердегі техноло­гия­лық жетістіктерді толық меңгеріп келуіне жағдай туғызады. Мәселен, №5 қалалық клиника дәрігер­лерінің жоғары кәсіби тәжірибеден өтулері нәтижесінде бүгінде олар өз беттерімен өте қиын оталарды жасау мүмкіндігіне ие. Сол себепті де аурухана мамандарының беделі жыл санап артуда. Хирург-дәрігерлер Қазақстанның түкпір-түкпіріне өте ауыр ота­лар жасау үшін барады. Жасалған отаның сәтті әрі кәсіби деңгейде дұрыс жасалға­нын аяғынан тік тұрып кеткен жандардың ризашылығынан көруге болады. Соның бірі – Батыс Қазақстан облысы әкімінің клиника дәрігерлеріне берген алғыс хаты. Клиниканың заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі – сапалы медициналық қызмет көрсетудің кепілі екені анық. Мұндағы дәрігерлер өз саласының жоғары санаттағы мамандары ғана емес, олар әрі үлкен жүректің иелері саналады. Аурухана қызметкерлері ай сайын жетім балалар үйіндегі балалардың оқулары үшін ашылған депозиттерді толтырып отырады. Қариялар мен соғыс ардагерлері де назардан тыс қалмайды. 2007 жылдан бастап жыл сайын дәрігер­лер «Өз ісінің үздігі» байқауына қаты­сып, жеңімпаз атанып жатады. Клиника жұмысы кәсіпорындар арасындағы қаржы­лық-экономикалық көрсеткіштен рейтинг бойынша жоғары бағаланып, «Қазақстан экономикасының Даңқы» орденімен, бас есепшіміз арнайы кәсіби насихаттауда медальмен марапатталды... Саламатты өмір салтын насихаттауда клиника қызмет­кер­лері Алматы қаласының тұрмыс-тіршілі­гі­не белсене араласып, мәселен, флеш-­моб, вело­жарыс, марафон, спартакиадаларда жыл сайын жүлделі орындарды иеленіп жүр. Нұрғалым ОМАШ, журналист Суретте:Алматы қалалық №5 кли­ни­каның бас дәрігері, медицина ғылым­дарының докторы Б.САДЫҚОВ