17 Маусым, 2016

Шығыс Қазақстанда Зайсан ауданының әкімі тағайындалды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
160617-zaisan ӨСКЕМЕН. 16 маусым. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен осыған дейін Өскемен қаласының әкімі болған Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудан активіне жаңа басшыны таныстырды. Темірбек Қасымжанов 1957 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарсу ауылында туған. Ол 1981 жылы Томск құрылыс-инженер институтын «инженер-құрылысшы», 1998 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «инженер-экономист, менеджер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Зайсан ауданындағы Қарабұлақ кеңшарында жұмысшыдан бастаған. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженері, бас инженері болды. Кейін Өскемен қаласының Октябрь аудандық әкімшілігінің орынбасары, бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 2001-2008 жылдары облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, кейін басшысы лауазымдарында болды. Темірбек Қасымжанов 2008 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін Өскемен қаласының әкімі, 2009 жылдың сәуірінен 2013 жылдың мамыр айына дейін Жарма ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Кейін қайтадан 2016 жылдың 20 сәуіріне дейін облыс орталығын басқарды. Думан Анаш. Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.