Жуырда Орал қаласының прокуратурасы және облыстың құқық қорғау органдарының, соттың, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен сот шешімдерінің орындалмауы, сонымен қатар алимент төлеуден жалтару фактілері бойынша сот-тергеу тәжірибесі, қылмыстық істерді тергеудің әдістемесіне қатысты мәселелерге арналған ведомствоаралық кеңес өтті.
Өткен жылы, қала аумағында 8 804 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Ал оның 249 – сот шешімдерінің орындалмауы, ал 379-ы – балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактілері. Тіркелген істер санының көп болуына қарамастан, сотқа тек бір іс жолданған, ал қалған 99 пайызында істер қысқартылып, олар бойынша тергеудің толықтығы қамтамасыз етілмеген.
Қазір қала аумағында 5 784 кісі алимент төлеуші болып табылса, олардың ішінде 28 пайызы ғана, яғни 1700 адам ерікті түрде алимент төлеп келеді. Ал қалғандары – қасақана алимент төлемейтіндер. Олар сот орындаушылары мен ішкі істер органдарынан табысын жасыратындар мен жұмыс істемейтіндер.
Темір Құсайын.
Дерек: oraloniri.kz.
Фото: newregion.kz.