17 Маусым, 2016

Шығыста «Нұр Отан» партиясы журналистерді құттықтады

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
17-06-2016 journalist (01) «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов ақпарат және байланыс күні мерекесі қарсаңында өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, тілшілер қауымын алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтады. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары журналистермен жүздесу барысында тілші қызметінің қоғамдағы маңызы өте жоғары екенін жеткізіп, партиялық жобалардың өңірдегі жүзеге асырылуы бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде насихатталып отырғанын, халықтың көкейкесті мәселелері партия филиалының төрағасы Даниал Ахметовтің «Нұр Отан» партиясы ғимаратындағы жеке қабылдауы арқылы толық шешімін тауып келе жатқанын атап өтті. «Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс және еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздер биыл 25 жыл толған Тәуелсіздік тарихын хатқа түсіруші, елге таратушы ғана емес, өздеріңіз де осы ұлы істің қатысушысыздар, – деді Әнуарбек Мұхтарханов. Жиын соңында партия филиалының жұмысын насихаттап жүрген журналистердің жұмыстары сараланып, негізгі 4 бағыт бойынша, яғни «Үздік телеарна журналисі, «Үздік газет журналисі», «Үздік радио журналисі», «Үздік ақпараттық агенттік журналисі» аталымының иелеріне «Алтын қауырсын» табысталды. Сонымен қатар, партия филиалының жұмысын насихаттауда зор белсенділік танытқандары үшін бірқатар журналистер арнайы сыйлықтармен марапатталды. «Біз ақпарат құралдарында жергілікті мәселелерді көтеріп жатсақ, оның шешілуіне «нұротандықтар» тікелей қолдау көрсетіп, сайлауалды партиялық тұғырнаманың жүзеге асуына атсалысып келеді. Осы орайда, ортақ ісіміз жемісті болып, еліміз көркейе берсін», – деді Қазақ радиосының Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Дәулет Абылқасымов. Думан Анаш. Дерек, фото: «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалының баспасөз қзметі. 17-06-2016 journalist (02)
Соңғы жаңалықтар