Біздің елде таң арайлы, күн ашық,
Отанымның абыройы тұр асып.
Жаңа Жолдау, Азиада додасы,
Жаңалықтар жатыр күнде ұласып.
Талмау үшін алғандаймыз тың талап,
Самғау үшін жайғандаймыз мың қанат.
Бізде бүгін бар жаңалық бастауы,
Бізге бүгін бүкіл дүние тұр қарап.
Елде бірлік, ынтымақ, бақ орнады,
Еңкеймейді көк туымыз қолдағы.
Жанымызға шуақ берген, нұр берген,
Елбасының әрбір жаңа Жолдауы.
Жаңа Жолдау аппақ жаңа жауған қар,
Жаңа бағыт, жаңа талап, талдаулар.
Сенім мен күш, жігер, қайрат, құлшыныс,
Үміт, тілек, сан биікке самғаулар.
Жүректерге берген қуат, жылуын,
Елбасы мен ел тілегі бір ұғым.
Жаңа Жолдау жаңа жарқын болашақ,
Жаңа табыс, жаңа шығар биігім.
Көп үмітті ұялатқан көңілге,
Жаңа Жолдау жаңа өрлеу елімде.
Алдымызда жүр Елбасы жарқылдап,
Адал әркез сертіне де сенімге.
Қадамымыз алға басқан талмасын,
Жақсылықтар таба берсін жалғасын.
Бар бақыттың, берекенің бастауы,
Елім тыныш, болсын аман Елбасым.
Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қызылорда.
Біздің елде таң арайлы, күн ашық,
Отанымның абыройы тұр асып.
Жаңа Жолдау, Азиада додасы,
Жаңалықтар жатыр күнде ұласып.
Талмау үшін алғандаймыз тың талап,
Самғау үшін жайғандаймыз мың қанат.
Бізде бүгін бар жаңалық бастауы,
Бізге бүгін бүкіл дүние тұр қарап.
Елде бірлік, ынтымақ, бақ орнады,
Еңкеймейді көк туымыз қолдағы.
Жанымызға шуақ берген, нұр берген,
Елбасының әрбір жаңа Жолдауы.
Жаңа Жолдау аппақ жаңа жауған қар,
Жаңа бағыт, жаңа талап, талдаулар.
Сенім мен күш, жігер, қайрат, құлшыныс,
Үміт, тілек, сан биікке самғаулар.
Жүректерге берген қуат, жылуын,
Елбасы мен ел тілегі бір ұғым.
Жаңа Жолдау жаңа жарқын болашақ,
Жаңа табыс, жаңа шығар биігім.
Көп үмітті ұялатқан көңілге,
Жаңа Жолдау жаңа өрлеу елімде.
Алдымызда жүр Елбасы жарқылдап,
Адал әркез сертіне де сенімге.
Қадамымыз алға басқан талмасын,
Жақсылықтар таба берсін жалғасын.
Бар бақыттың, берекенің бастауы,
Елім тыныш, болсын аман Елбасым.
Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қызылорда.
Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше