Кеше Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды.
Отырыста комитет төрағасы Рахмет Мұқашев заң жобасымен айналысқан жұмыс тобы қорытынды шығарғанын, палатаның жеті салалық комитетінің конституциялық түзетулермен қолдағанын мәлімдеді.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов жұмыс тобы мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді. Отырысқа қатысушылар кезектен тыс президенттік сайлау бойынша Елбасы заңға қол қойған күннен соң екі ай мерзімнен соң сайлау болатындығы, оны Орталық сайлау комиссиясының өткізетіндігі жайындағы нормаларды қарап, өздерінің қолдайтындықтарын білдірді.
Комитет отырысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Бобров, Сенаттан бірқатар депутаттар, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Орталық сайлау комиссиясы мен Әділет министрлігінің басшылары қатысты.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.