03 Ақпан, 2011

Қарасайлықтар қуанышы

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жалпы тіршіліктегі қуаныш­тың түрі көп. Ал бір күнде бірнеше жан түгел мерейленсе, нұр үстіне нұр. Мәселен, қаңтардың соңғы күні қарасайлықтар үшін тіпті қуанышты болып, мұға­лімдер мен дәрігерлер және жас мамандар бас­паналы болды. Мемлекеттік тұр­ғын үй бағдар­ламасы бойынша са­лынған жаңа несиелік пәтер кілттерін аудан әкімі Ләззат Тұрлашев 48 отба­сына тапсырып, қуаныш­тары­на ортақтасты. Баспаналы болғандар ара­сында Жұмабековтер отбасы да бар. Олар оншақты жыл күткен баспана­лары­на қол жеткізіпті. Бұған дейін пә­тер жалдап, көп қиындық көргенін айтады. Ұстаз Жанна Жұмабекова ал­ғаш ата-енесімен бірге тұрса, кейін отбасы көбейгенде жеке шығыпты. «Үйге ие болғаным өңім бе, түсім бе», дейді қуа­ныштан арыла алмаған ол. Университеттен кейін Елба­сының «Дипломмен – ауылға!» бастамасымен Мерей ауылына жол­­дамамен келген дәрігер-тера­певт Гүлнәр Еділбаева да пәтер кілтін алды. Жас маман мемлекет тарапынан жасалған қамқор­лыққа дән риза. Жас ма­мандарға көрсе­тілген сенімді ақтауға кәсіби білімім мен күш-жігерімді аямаймын. Елбасына рахмет, деді адам жанының арашашысы ұмытылмас сәтті көппен бөлісіп. «Алтын ауыл» шағын ауда­нының іргесі 2005 жылы қалан­ған. Мұнда тұрғын үй құрылы­сы әлі де жалғасуда. Жыл өткен сайын бұл мекен көркейіп, ша­һарлықтардың мерейін тасытып келеді. Енді алдағы мамыр айында мемлекеттік қызмет­кер­лер тағы да қоныс тойын той­ламақшы. Өйткені көп қабатты тағы бір тұрғын үй құрылысы бітуге жақындапты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы, Қарасай ауданы.