18 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Чехия мен Хорватия тең түсті (видео)

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
160617-rakitic Футболдан Еуропа чемпионатында D тобының Чехия мен Хорватия командалары Сент-Этьен қаласында кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Чехия – Хорватия 2:2 Стадион: «Жоффруа-Гишар» Төрешілер: Марк Клаттенбург (Англия), Джейк Коллин, Саймон Бек (барлығы – Англия), Анастасиос Сидиропулос (Грекия) Чехия: Чех Петр, Кадержабек Павел, Сивок Томаш, Губник Роман, Лимберски Давид, Дарида Владимир, Плашил Ярослав (Нецид Томаш 86), Скалак Иржи (Шураль Йосеф 67), Росицки Томаш, Крейчи Ладислав, Лафата Давид (Шкода Милан 67) Хорватия: Субашич Даниэль, Стринич Иван (Врсалько Шиме 90), Вида Домагой, Чорлука Ведран, Срна Дарио, Бадель Милан, Модрич Лука (Матео Ковачич 62), Перишич Иван, Ракитич Иван (Шильденфельд Гордон 90), Брозович Марцело, Манджукич Марио Голдар:  Милан Шкода 76, Томаш Нецид 90 – Перишич Иван 37, Ракитич Иван 59 Ескерту алғандар: Сивок Томаш 72 – Бадель Милан 14, Брозович Марцело 75, Вида Домагой 90 Матч аса тартысты өтті. Алғашқы екі голды соққан Хорватия кезекті жеңісіне жетті деп ойлаған кезде, Чехия құрамасы қарымта екі гол соғып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Кездесудің 37-минутында Петр Чехтің қақпасын нысанаға дәл көздеген Иван Перишич командасын алға шығарды. Ал 59-минутта «Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Ракитич қақпашымен жеке шығып, есепті еселей түсті. Жеңіске жеттік дегендей хорваттар осыдан кейін босаңси бастады. Ал намысқа тырысқан Чехия ойыншылары 76-минутта Милан Шкоданың көмегімен есепті қысқартса, 90-минутта Томаш Нецидтің пенальтиден соққан голының арқасында есепті теңестіріп кетті. Турнирлік кестеде Хорватия құрамасы 4 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Чехия осы ойындағы бір ұпайының арқасында үшінші орында келеді. Аян Әбдуәли Фото, видео: vk.com.
Соңғы жаңалықтар