19 Маусым, 2016

Қызылордада Бельгияның ірі көлік компаниясы зауыт салады

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-06-16-belgia

Шетел кәсіпкерлері көп жылдардан бері Қазақстанға инвестиция құюда тартынып келе жатқан жоқ. Олар еліміздің барлық дерлік аймақтарына келіп жатыр. Солардың бірі – Бельгияның VanHool атты көлік компаниясы республикаға инвестиция әкелуге ниет етіп отырғанын білдірді. Осы компанияның директоры Герт Ван Хекке «Хабар» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында осыны жеткізді. Ол өз сөзінде Қазақстанда автобус шығару ісін қолға алғысы келетінін айтты. Соның ішінде Қызылорда облысында Қазақстанмен біріккен зауыт салмақшы. «Біз қазіргі заманғы көлік құралдарын шығарып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті тұрғындарды осы кәсіпке оқытуды жоспарлап отырмыз. Мұнда тең серіктестер ретінде бизнес жүргізгіміз келеді. Осы кезге дейін біз шығарған көліктер Еуропа мен АҚШ-та танымал болып келді. Ал Орталық Азияға енді қадам басқалы отырмыз. Бірігіп шығаратын қазақстандық құралдың әлем нарығын жаулап алуы үшін күш саламыз», - деді ол сұхбатында. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Хабар.