19 Маусым, 2016

Коаланың баласы жаралы анасы үшін жаны қалмады (фото)

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-06-16-koala-1

Осы бір жан тебірентерлік оқиға Жаңа Зеланияда орын алған. Жолдан өтіп бара жатқан ана коала мен оның баласын машина қағып кетеді. Сосын жүргізуші оларды жақын жердегі ветеринариялық клиникаға жеткізіп салады.

19-06-16-koala-2

Дәрігерлер оларды қарап болғаннан кейін денесінде аздаған жарақаты бар коала бөбегіне ем көрсетеді де, өкпесіне елеулі зиян келген оның анасын бірден операция үстеліне жатқызады.

19-06-16-koala-3

Лиззи (клиника қызметкерлері мама-коалаға осындай ат беріпті) наркозбен операция үстелінде жатқан кезде бөбегі оны қатты қысып құшақтап, жанынан бір де шықпай қойыпты. Кейде ол анасының арқасына шығып алып, оған еркелеп те көріпті.

19-06-16-koala-4

Ал Лиззи бірнеше ота жасалып болғасын бірнеше күннен кейін ғана өз-өзіне келеді. Қазір дәрігерлер оны антибиотиктермен емдеп жатыр. Бірақ ол үшін ең күшті дәрі Фантом атты лақап есімі бар кішкентай ұлының өзіне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы болып тұр. Талғат Райымбек. Дерек, фото: ras.kz.