19 Маусым, 2016

Суретші су мен бояу арқылы Ван Гог шедеврлерін жасап жүр (видео)

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-06-16-van_gog

Түркияның таңғаларлық талантты суретшісі Гарип Ай полотноға жағу үшін пайдаланатын аздаған су мен бояу арқылы керемет картиналар жасап жүр. Ол қазірге дейін осы тәсілмен әлемдік деңгейде ат-атақтары бар көптеген суретшінің таңдаулы картиналарын қайталап жазып шығыпты. Қыл қалам шеберінің қайталанбас туындылары арасында атақты Ван Гогтың шығармашылығындағы шедеврлері де бар. Гарип Ай суреттері түріктің кескіндеме өнеріндегі төл таңбасы – «эбру» (еbru) деген стильмен салынады. Суретшіге танымалдылық «Ютуб» видеохостингіндегі өзінің арнасына салып қойған видеолары арқылы келді.  Ұсынылып отырған сурет – соның бір айғағы. Талғат Райымбек. Дерек, фото: ras.kz. https://youtu.be/4dKy7HNU4vk
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024