04 Ақпан, 2011

«Азиада» айшығы

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елімізге жиналды, Сан елдің сайыпқыраны. Думанға бөлеп елімді Жағылды Азиада алауы! Қуанды барша адамдар Билеп кетті ағаштар. Кетті аспан қуалап, Биік-биік асқарлар. Орап алып жерлерді, Жасыл-қызыл жалаулар. Желмен бірге жарыса Кетті ұшып қыран да. Сондай қызық суретті, Бұрын сондай ғажапты Ешбір адам көрмеді. Үміт сыйлап спортшыға, Келді «Ирби» көмекке. Қошеметтеп халық та, Жанкүйер боп жүр әне! Ұран етіп бірлікті, Мақсат етіп жеңісті Ақталды үміт Алтын сыйға бөлендік. НАМЫС ОТЫ ЖАЛЫНДАП Қызыл алау қолында, Көк жалаудың астында. Егемен елдің төрінде. Ескек етіп бірлікті, Мақсат етіп жеңісті. Нұр жалындап көзінде, Ұрандатып намысты. Рухын сақтап халықтың. Біздің сайыпқырандар Бара жатыр жеңіске. Аружан БАЙЗАҚ, №38 мектеп-лицейінің 8 «ә» сынып оқушысы. Астана.