22 Маусым, 2016

Денсаулық сақтаудың жағдайын талқылады

346 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Астанада ТМД-ға мүше-мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI отырысы өтті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шарада он мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігі мен ұйым­дарының өкілдері қаты­сып, қоғамдық ден­саулық сақтау жүйесі мен ме­дицина ғылымы сала­ларындағы өзара ынты­мақ­тастықты дамыту мәсе­лелері талқыланды. Сон­дай-ақ, алқалы жиында ЮНЭЙДС атқарушы дирек­торы Мишель Сидибе мен ДДҰ Еуропа өңірлік бюро­сының арнайы өкілі Гайк Никогосян да төбе көрсе­тіп, ұлттар саулығын сақтау­дың жайы туралы ег­жей-тегжейлі пікір алысты. Денсаулық сақтау жә­не әлеу­меттік даму ми­нистрі Та­мара Дүйсенова жетек­шілік еткен отырыс­та бар­лығы 18 мә­селе қа­ралды. Негізінен, мұн­дай басқосулар арқылы әлем елдеріндегі денсаулық сақ­тау саласының соң­ғы жаңалықтарымен бөлі­се отырып, тәжірибе алма­су­ға басымдық беріледі. Осы бағыттағы өзара әріптес­тікті үзіп алмай, керісінше, уа­қыт ағымына сай жандан­дыра түсу мақсатымен 1992 жылдың 26 маусымын­да ТМД елдерінің арасын­да арнайы Кеңес құрыл­ған еді. Осы Кеңес құра­мын­дағы елдердің көшпе­лі отырысының кезекті­сі Астанада ұйымдас­ты­рылды. ТМД құрамындағы әрбір елдің денсаулық сақ­тау министрі мен мемле­кеттің бас санитар-дәрігері осы Кеңестің негізгі мү­шесі болып табылатын бас­қосуға сала мамандары тү­гел жиналды. Министр Т.Дүйсенова өз кезегінде АИТВ/ЖИТС-тің таралуы бойынша ескертуге бағытталған ортақ ша­­раларды жүзеге асыру ба­рысында Қазақстанға көр­сеткен көмек шара­лары үшін ЮНЭЙДС өкіл­дігіне және денсаулық сақ­тау мәселелері жөнінде кон­сультациялық көмегі үшін ДДҰ Еуропалық бю­росына алғыс білдірді. Со­нымен қатар, алқалы жиын­­да темекі өнімдерінің халық денсаулығына тигі­зетін кері әсері туралы ескер­ту шараларын жүр­гізу бойынша, алғашқы ме­ди­­циналық-санитарлық кө­мекті дамыту, жұқпалы емес ауруларды бақылау мен олардың алдын алу те­тік­тері, өзара тәжірибе жә­не ақпарат алмасу жайы да сөз етілді. Осы мәсе­ле­лерге қатысты ой бөліс­кен Мишель Сидибе БҰҰ Бас Ассамблеясының ағым­да­ғы жылдың 8-10 маусы­мын­да Нью-Йоркте өткен ЖИТС-пен күрес мәсе­ле­лері бойынша жоғарғы дәрежелі кеңесте бірқатар мін­деттемелер алғандығын атап өтті. «БҰҰ-ға мүше-мем­ле­кеттер Тұрақты даму мақ­сат­тарының аясында 2030 жылға қарай ЖИТС эпи­де­миясын тоқтату шара­­­лары жөніндегі жос­пар­­ды іске асыру бой­ынша міндеттемелер алға­­нын мәлім­деймін», деді ол өз сөзін­де. Жиын соңын­­да Ден­саулық сақтау және әлеу­меттік даму ми­нис­трі Мишель Сиди­бені Қа­зақ­стан халқы Ассам­блея­сы­ның 20 жылдығына ар­нал­ған төсбелгімен мара­пат­тады. Айта кетейік, ТМД елдерінің денсаулық сақ­тау саласындағы ынты­мақ­тастығы бойынша ке­лесі отырыс 2017 жыл­дың сәуір-мамыр айында Қыр­ғызстанда өтетін болды. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше