Бұдан бұрын хабарланғанындай, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың халыққа есеп беру кездесуінің барысында «Қазақстан – Ұлы Дала елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өткен еді.
Ал оны нақтылай түсетін болсақ, жаңа өнім Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі және Бес институттық реформа аясында атқарылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-қадамды жүзеге асыруға қосылатын елеулі үлес болып табылады.
«Қазақстан – Ұлы Дала елі» қосымшасы, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпаратпен қолжетімді танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әзірленген. Ал министрдің айтуынша, қосымша «құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған, сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі». Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бейнематериалдар эксклюзивті болып табылады және де бұған дейін жарияланбаған. Әзірлеуші әр материалдың техникалық және көркемдік сапасына жоғары талаптар қойған.
Ол Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар. Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, бейнеоператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым бар.
Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып табылады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және ЭКСПО-2017.
Отандық дипломаттар бұл көрнекі құралды шетелдік әріптестерімен кездесулер және тұсаукесерлер барысындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасының арасында тарата алады. Шетелдіктерді, әсіресе, Қазақстандағы туризм мен инвестициялар және ЭКСПО-2017 көрмесі туралы материалдар қызықтырады. Тағы бір айта кетерлігі қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген.
«Біздің ұжымдық еңбегіміз көпшіліктің назарына ілігіп, ол арқылы шетелдіктер мен қазақстандықтардың өздерінің достары мен таныстарын ұлан-байтақ елімізбен жақынырақ таныстыруларына қосымша мүмкіндік туындайтынына қуаныштымыз. Мұны дамыту барысында біз сияқты әркім-ақ Қазақстан туралы көптеген жаңа қызықты мәліметтермен таныса алатынына сенімдімін», – дейді Е. Ыдырысов. AppStore Play Market Kazakhstan Land of the Great Steppe .
Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.
«Егемен-ақпарат»

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48