Лебіз
Азиадаға қатысушы елдердің спортшыларымен бірге қолына қалам ұстаған әріптестеріміз де келгені белгілі. Осы күндері елімізде Азия ойындарын насихаттаумен 2000-ға жуық шетел журналистері жұмыс істеуде. Кеше бізге солардың ішінде Азиадаға ең көп спортшылардың бірін әкелген Қытай елінің журналистерімен әңгімелесудің сәті түскен еді. Дон Лон Джан, Син Хуа ақпарат агенттігінің тілшісі: – Астанаға осымен екінші келуім. Әр келген сапарым мен үшін сәтті болып жүр. Өйткені, келген сайын бұл қаладан, осы елден кәдімгідей жақсы әсер алып қайтамын. Бұл елдің дамуы тұрақты. Экономикалық, әлеуметтік даму, саяси құрылымдық алға жылжу туралы бүгінше сөз қозғамай-ақ қояйық. Жалғыз Азиада төңірегінде, ашылу салтанаты жайында ғана айтып өтсек, елдің барлық даму қарқыны бірден-ақ көзге көрініп тұрады. Алған әсерімді «Таң қалдық», «Тәнті болдық», «Мұндай болады деп күтпеген едік» деген осы үш сөзбен барлық Азиадаға қатысты пікірімді жеткізгім келеді. Бұл тек менің пікірім емес, кеше басқа да шетелдік тілшілермен отырып сөйлескенімізде олардың бәрі Азиаданың ойдағыдай, сән-салтанатты түрде өтіп жатқандығын айтқан болатын. Қарап отырсам, барлық ұйымдастырылу жұмыстарында сондай бір ұқыптылық, жауапкершілік бар. Сізбен жолығардан бұрын баспасөз орталығының ұйымдастырған бір анкеталық сауалнама парағын толтырып едім. Мұның өзінен жұмыстардың жоспарлы, жүйелі өтіп жатқанын көруге болады. Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахд ас Сабахтың: «Қазақстан 2022 жылғы Қысқы Олимпия ойындарын қабылдауға дайын» – деп айтқан сөзінің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Бұдан бұрын Чанчунь қаласында өткен Қысқы Азиадаға Қазақстаннан бір топ журналист келген болатын. Сол кезде қазақстандық әріптестеріммен сөйлесіп, олар бізбен, біз олармен спортқа қатысты жаңалықтармен бөлісіп жүрдік. Жалпы, әріптестер арасында осындай сыйластық болғанына не жетсін дегім келеді. Азиада кезінде Хок президенті Жак Роггенің 2022 жылы Қысқы Олимпиаданың Қазақстанда өтетінін қолдайтынын айтқанда, бізбен бірге жүрген басқа елдердің де журналистері бұл бастаманы шың көңілмен жылы қабылдады. Менің ойымша, сіздердің елдеріңіз Олимпиада сияқты төрт жылда бір айналып келетін байрақты бәсекені өткізуге лайық. Лю Чан, Харбин Күнделікті газет басылымдары акционерлік қоғамы спорт бөлімінің тілшісі: – Мен өзім олимпия ойындарының көптеген ашылу салтанаттарына қатысқанмын. Ұзаққа бармай-ақ, 2008 жылда Бейжіңде өткен Жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты әлі де бәріміздің есімізден кете қоймаған шығар. Менің жазып-сызғандарым спорт саласына тікелей қатысты болғандықтан, оның үстіне көптеген ашылу рәсімдерінде болғандығымнан Астанадағы Қысқы Азиаданың ашылу салтанатын Бейжіңде өткен Олимпиадамен теңестіріп айтуға болады. Дайындық деңгейлері мен өткізу шеберліктеріне өз басым осындай баға берер едім. Ұлттық әуендеріңіз маған қатты ұнады. Мұның бәрі сіздердің шежірелеріңізбен, тарихи-мәдени құндылықтарыңызбен тікелей байланысты екенін бірден аңғаруға болады. Қазақстанға келместен бұрын бұл ел туралы азды-көпті мағлұматтар білетінмін. Алайда, Қытайдағы юанімізді сіздердің теңгелеріңізге ауыстырған кезде ақшаларыңыздың құндылық жағынан әжептәуір айырмашылықтарын көргенде бұл елдің экономикасы жағынан қандай да бір қиындықтар бар екен-ау деген әсерде болған едім. Бірақ, Астанаға келіп, барлық нәрселерді көзбен көріп, қолмен ұстаған соң ол ойымның мүлдем қате екеніне көзім жетті. Негізінде біздің қытай халқы сезім деген нәрсеге аса көңіл бөледі. Қазақстанға келген бірінші күннен бастап-ақ мейірімділіктің шуағын сезіндім. Сізге мынандай бір оқиға айтып берейін. Осы жақын күндердің бірінде спорттық жарыстар аяқталып, енді қонақ үйге қайтайын деген оймен спорт сарайының сыртына шығып мені алып кетуге тиіс автобусты күтіп отырдым. Далада минус 20 градустан төмен аяз болып тұр. Автобус біраз кешігіп жатқандай болды. Далада бір 3-4 минөт тұрғанның өзінде қалтырап тоңып кеткенмін. Қайтадан спорт кешеніне кірейін десем, арасы сәл алыстау болған соң, кері барғым келмеді. Сол сәтте 10 метрлік қашықтықта жол тәртіп сақшысы автотұрақтардың қозғалысын реттеп тұрды. Менің ана жерде тоңғанымды көрген болу керек, қасыма келді де бір нәрсе деп айта жөнелді. Сөзін ұқпасам да жақсылықтың ниетін сезініп, түсіне қойдым. Сонда автобус келгенше мендегі жол тәртіп сақшыларының көлігіне барып жылына тұр, аязда тұрып тоңып қалыпсың деген ойы қалыпсың түсіне қойдым. Сөйтіп, автобус келгенше сол жол тәртіп сақшысының мәшинесінде жылынып отырдым. Сол кездегі жүрегімнің қаншалықты деңгейде масаттанғанын, жылынғанын енді тілмен жеткізудің өзі қиын. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56