Допты хоккей
Допты хоккей (бенди) әдетте футбол сияқты екі кезең ойналады. Ал кеше «Медеу» мұз айдынында кездескен Қазақстан және Қырғызстан командалары үш кезең ойнады. Оған ауа райы «кінәлі». Қалың қар жауып, тұман түсу салдарынан тіпті ойынды кейінге жылжыту қаупі де туған. Халықаралық допты хоккей (бенди) федерациясының техникалық делегаты Валерий Мозгов ойынды 15 минөттік екі үзіліспен, 30 минөттік үш кезең ойнауға шешім қабылдады. Ал ойын жұрт күткендей, Қазақстан командасының айқын басымдығымен өтті. Есеп – 21:0. Мықтылар армансыз гол соқты десе де болады. Шабуылшы Рауан Исалиев өз есебіне 8 гол жазса, Ескендір Нұғманов қарсыластар қақпасына 5 гол соқты. Еламан Әлікбалиев – 3, Антон Ларионов – 2, Сергей Токмаков пен Сұлтан Қадыржановтар бір-бір голдың иесі болды. Бұл кездесу бірінші және екінші орынның тағдырын шешті. Оны Қазақстан және Моңғолия командалары иеленеді. Алтын қайсысына бұйыратыны бұл екі команданың бүгінгі және демалыс күнгі ақтық кездесуінде айқындалады. Ал қырғыз ағайындар ауылына Азиаданың қола медалімен оралады. Соңғы жылдары Қырғызстандағы саяси және экономикалық тұрақсыздыққа қарамай Алатаудың арғы жағындағы ағайындардың Қазақстанға келіп Азиадада допты және шайбалы хоккейден лайықты өнер көрсетіп жатқаны қуантады. Мамадияр ЖАҚЫП.Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше