Мәдени Азиада
Алматының өнер қайраткерлері Қысқы Азия ойындары кезінде осынау айтулы спорт жарысына қатысушылар мен қонақтарға өзінше сый-сияпат әзірледі. Соның бірі – суретші Рашид Құлбатыров. Оның «Өнер» көркемсурет салонында «Сәлем, Азиада» деген жеке көрмесі ашылды. Оның басты ерекшелігі – көрмеге қойылған 35 картинаның тақырыптары спортқа қатысты. Нақтырақ айтқанда, адамның ішкі дүниесі спорт арқылы ашылған және айрықша әсерлі. Оның да жөні бар екен. Суретші жас шағында спортпен шұғылданыпты. Кейін өнер мен спорттың бірін таңдау қажеттігі туғанда, өнерді кәсіп еткенмен, спорт бәрібір шығармаларының басты тақырыбы болып, қалып қойған. Суретші Рашид Құлбатыровтың спорт тақырыбындағы картиналарында туған жердің көріністері де ерекше орын алады екен. Әсіресе, бұл Азияда қонақтарына айрықша әсер қалдырмақ. Олар өздері болған Шымбұлақ, Медеу сияқты табиғаттың тамаша жерлерін суретші шығармаларынан да көріп, жаңа әсерге бөленері сөзсіз. Спорттың жанкүйері ретінде Рашидтің өзі де бүгінгі күндері үлкен қуаныш үстінде. Азия ойындарын қалт жібермей қадағалайтыны аңғарылады. Сірә, бұл ойындардың көріністері де кейін оның шығармаларына арқау болса керек. Оның өзінің айтуынша, оған шаңғымен тұғырдан секіру ерекше ұнайтын көрінеді. Осынау Азиада қарсаңында Алматыда бой көтерген Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенін де кейін оның картиналарынан көретін болармыз.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше