«Бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің орындалуына мониторинг жүргізудің басты институты ретінде Ассамблеяның алдында жаңа кеңістіктер ашылады» – Конституциялық Кеңестің Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауындағы осы тұжырым бірегей қоғамдық-мемлекеттік институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының нақты міндеттерін айқындайды.
Ассамблеяның Мәжілістегі депутаттық тобының кеше өткен кезекті отырысында қаралған негізгі мәселе Білім және ғылым министрлігінің мектепте білім берудің оқу бағдарламаларына және ғылыми-зерттеулерге «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын енгізу жөніндегі жұмысы болды. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы маңызды мәселе жөніндегі өз ойларын ортаға салды, қазіргі таңда бұл тақырып бойынша терең ғылыми ізденістер жасалып жатқанын, жыл соңына дейін нақты тұжырымдама айқындалып, одан соң жалпыұлттық идеяның мектептегі бағдарламаларда көрініс табуы туралы ұсыныстар Парламенттегі депуттаттық топтың қарауына енгізілетінін айтты, депутаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Божко министрліктің әуелі іргелі мәселенің мән-жайын жан-жақты талқылау, нақты шешімдерді содан кейін ғана қабылдау жөніндегі ұстанымына қолдау білдірді.
Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін насихаттау бойынша алда тұрған міндеттер туралы хабарлама жасады. Халық қалаулылары Қуаныш Сұлтанов, Сергей Дьяченко, Абай Тасболатов, Анар Жайылғанова жарыссөз кезінде депутаттық топтың Мәжілістегі партияаралық үнқатысудың бірегей алаңқайына айналып келе жатқанын разылықпен атап өтіп, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу, жүзеге асыру тұрғысынан парламентарийлер атқарар жұмыс ауқымды екенін айтты.
«Егемен-ақпарат»

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Бүгін, 19:54
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Бүгін, 19:34
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Бүгін, 18:58
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:59
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:45
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Заң • Бүгін, 16:22
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:01
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56